Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1311
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 608-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген өнеркәсіп саласындағы қызметтің жекелеген түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарында:
13-тармақта:
бірінші абзац "қосалқы абоненттерге" деген сөздерден кейін "(қосалқы тұтынушыларға)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "жедел" деген сөздің алдынан "тұтынушылармен (абоненттік қызметтер, учаскелер) жұмысты," деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы "мүмкіндігінің" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) меншік құқығында (шаруашылық жүргізу не жедел басқару) немесе лизинг, концессия, жалдау, сенімді басқару шарттары бойынша тұтынушылармен жұмыс істеуге және абоненттік қызметтерді орналастыруға арналған (құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері) ғимараттың немесе үй-жайдың".
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов