Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 695 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі № 751 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 27, 353-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Әбдірахымов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ғабидолла Кеңсесінің Басшысы, төраға,
Рахматоллаұлы
Федоров - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Олег Анатольевич вице-министрі,
Тәжияқов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Бисенғали Шамғалиұлы Төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
мына:
"Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Тілеубеков Ғани Өтенұлы - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша)"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы
Тілеубеков Ғани Өтеұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)";
көрсетілген құрамнан Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы, Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы, Әлжанов Батырбек Асылбекұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов