Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 74 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1257 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2017 жылғы 16 қазандағы № 647 қаулысымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі)

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнің 16.10.2017 № 647 қаулысымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 2, 38-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "8712" деген сандар "10890" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов