Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы
"шикі мұнай мен" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)" деген баған жаңа редакцияда жазылсын:
"Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)" "0", "0", "61,86", "41,42", "41,42";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу
ережесінде
:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "шикі мұнай мен" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген Ережеге
1,
2,
3-қосымшалардағы
"шикі мұнай мен" деген сөздер алынып тасталсын;
4-қосымша
алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетінің хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов