Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2009 жылға арналған квота республиканың экономикалық жағынан белсенді халқына шаққанда 0,75 пайыз мөлшерінде, оның ішінде:
бірінші және екінші санатқа (ұйымның басшы құрамы, жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар) - 0,35 пайыз;
үшінші санатқа (білікті жұмысшылар) - 0,35 пайыз;
төртінші санатқа (маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар) - 0,05 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері" деген 2-бөлімнің "Әлеуметтік сала дамуының реттеуіштері" деген кестесінде:
"Жұмыс күшінің импортының үлесі (Қазақстан Республикасының шекара бойындағы облыстардағы ауылшаруашылық жұмыстарында еңбек қызметін атқару үшін тартылған еңбекші-мигранттарды қоса алғанда)" деген жолдың "2009 ж." деген бағанындағы "2,40" деген сандар "0,75" деген сандармен ауыстырылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов