Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы Халықаралық конвенцияға қосымшаға түзетулерге қосылу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы N 1167 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1995 жылғы 7 шілдеде Лондонда қабылданған Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы Халықаралық конвенцияға Қосымшаға түзетулерге қосылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

ҚОСЫМША

Теңізшілерді даярлау мен дипломдау
және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы
Халықаралық конвенцияға Қосымшаға Түзетулер

І ТАРАУ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

І/1-ереже

Анықтамалар мен түсіндірулер

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін, егер арнайы өзгеше көзделмеген болса:
      .1 "Ережелер" Конвенцияға Қосымшада бар ережелерді білдіреді;
      .2 "Мақұлданған" осы ережеге сәйкес Тараптың мақұлдағанын білдіреді;
      .3 "Капитан" кемені басқаратын тұлғаны білдіреді;
      .4 "Командалық құрам тұлғасы" капитан болып табылмайтын, ұлттық заңнамаға немесе ережелерге сәйкес, не осындай тағайындау болмаған кезде ұжымдық шартқа немесе дәстүрге сәйкес осыған тағайындалатын экипаж мүшесін білдіреді;
      .5 "Капитанның көмекшісі" Конвенцияның II тарауының ережелеріне  сәйкес біліктілігі бар командалық құрам мүшесін білдіреді;
      .6 "Капитанның аға көмекшісі" лауазымы бойынша капитаннан кейінгі, капитан кемені басқаруға қабілетсіз болған жағдайда оған кемені басқару жүктелетін командалық құрам тұлғасын білдіреді;
      .7 "Механик" Конвенцияның III тарауының ережелеріне сәйкес біліктілігі бар командалық құрам тұлғасын білдіреді;
      .8 "Аға механик" қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электр қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты, лауазымы бойынша жоғары механикті білдіреді;
      .9 "Екінші механик" аға механик қабілетсіз болған жағдайда қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электр қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапкершілік жүктелетін аға механиктен кейінгі механикті білдіреді;
      .10 "Тағылымдамашы механик" механик болу үшін дайындықтан өтіп жүрген және ұлттық заңнама мен ережеге сәйкес осыған тағайындалатын тұлғаны білдіреді;
      .11 "Радио операторы" Радиобайланыс регламенті негізінде Әкімшілік беретін немесе танитын дипломы бар тұлғаны білдіреді;
      .12 "Қатардағы құрам тұлғасы" капитан немесе командалық құрам тұлғасы болып табылмайтын кеме экипажының мүшесін білдіреді;
      .13 "Жағалауда жүзу" осы Тарап белгілегендей Тараптың жағалауында жүзуді білдіреді;
      .14 "Қозғалтқыш қондырғысының қуаты" киловатпен көрсетілген, барлық кемелік бас қозғалтқыш қондырғыларының жалпы ең ұзақ шығыс қуатын білдіреді, ол кемені тіркеу туралы куәлікте немесе өзге ресми құжатта көрсетіледі;
      .15 "Радиоқызмет жөніндегі міндеттер" Радиобайланыс регламентіне, Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға және әрбір Әкімшіліктің қалауы бойынша Ұйымның тиісті ұсынымдарына сәйкес жүргізілетін тиісінше радиовахта жұмысын атқаруды, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтиды;
      .16 "Мұнай танкері" мұнай мен мұнай өнімдерін құйып тасымалдау үшін жасалған және пайдаланылатын кемені білдіреді;
      .17 "Химиялық заттарды тасымалдайтын танкер" Химиялық заттарды тасымалдау жөніндегі халықаралық кодекстің 17-тарауында көрсетілген кез келген сұйық өнімді тасымалдау үшін жасалған немесе бейімделген және пайдаланылатын кемені білдіреді;
      .18 "Газ тасымалдағыш" Газ тасымалдау жөніндегі халықаралық кодекстің 19-тарауында көрсетілген кез келген сұйытылған газды немесе өнімді құйып тасымалдау үшін жасалған немесе бейімделген және пайдаланылатын кемені білдіреді;
      .19 "Ро-ро жолаушы кемесі" тиеу мен түсірудің көлденең әдістері бар жүк үй-жайлары немесе Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі 1974 жылғы халықаралық конвенцияда, түзетулермен бірге, белгіленгендей арнайы санаттағы үй-жайлары бар жолаушы кемесін білдіреді;
      .20 "Ай" күнтізбелік айды немесе ұзақтығы бір айдан кем кезеңдерден құралған 30 күнді білдіреді;
      .21 "ДДВА кодексі" мүмкін болатын түзетулермен бірге, 1995 жылғы Конференцияның қарарымен мақұлданған Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару кодексін (ДДВА Кодексін) білдіреді;
      .22 "Функция" ДДВА Кодексінде көрсетілген, кемені пайдалану, теңізде адам өмірін немесе теңіз ортасын қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті міндеттер, міндеттемелер мен жауапкершілік тобын білідіреді;
      .23 "Компания" кеме меншік иесінен кемені пайдалану үшін жауапкершілік алған және осындай жауапкершілікті ала отырып, компанияға осы ережемен жүктелген барлық міндеттер мен жауапкершілікті өзіне алуға келіскен кеме меншік иесін немесе кез келген басқа ұйымды немесе тұлғаны, мысалы басқарушыны немесе бербоут-чартер бойынша кемемен жалданушыны білдіреді;
      .24 "Тиісті диплом" осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес берілген және расталған, және оның заңды иесіне белгілі үлгідегі, сыйымдылықтағы, қозғалтқыш қондырғысының қуаты мен үлгісіндегі кемеде нақты рейсті орындау кезінде дипломда көрсетілген лауазымда жұмыс істеуге және жауапкершілік деңгейінде онымен байланысты функцияларды атқаруға құқық беретін дипломды білдіреді;
      .25 "Кемедегі жұмыс өтілі" диплом беруге немесе өзге біліктілікті беруге қатысты кемедегі жұмысты білдіреді.
      2. Осы ереже ДДВА кодексінің А-бөлігінде бар міндетті ережелермен толықтырылады және:
      .1 ереженің талабына кез келген сілтеме ДДВА Кодексі А-бөлігінің тиісті бөліміне сілтеме болып табылады;
      .2 осы ережені қолдану кезінде ДДВА Кодексінің В-бөлігіндегі оған қатысты басшылық пен түсіндіру материалы Конвенция ережелерін жаһандық деңгейде анағұрлым біркелкі жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында барынша мүмкін дәрежеде назарға алынуы тиіс;
      .3 ДДВА Кодексінің А-бөлігіне түзетулер Конвенцияның XII бабының Қосымшаға түзетулер енгізу рәсіміне қатысты ережелеріне сәйкес мақұлданады, қабылданады және күшіне енеді;
      .4 ДДВА Кодексінің В-бөлігіне түзетулерді Теңіздегі қауіпсіздік комитеті оның рәсімдер ережесіне сәйкес енгізеді.
      3. Конвенцияның VI бабындағы "Әкімшілікке" және "беретін Әкімшілікке" сілтемелер осы ереженің талаптарына сәйкес дипломдар беруге және растауға кез келген Тарапқа кедергі келтіретіндер ретінде түсіндірілмеуі тиіс.

І/2-ереже

Дипломдар және растаулар

      1. Дипломдар мемлекеттік тілде немесе оларды беретін елдердің тілдерінде жасалады. Егер диплом ағылшын тілінде жасалмаса, оның мәтіні ағылшын тіліндегі аудармасын қамтуы тиіс.
      2. Радио операторларына қатысты Тараптар:
      .1 Радиобайланыс регламентіне сәйкес келетін дипломды беруге арналған емтихан бағдарламасына тиісті ережелермен талап етілетін қосымша білімді енгізе алады; немесе
      .2 оның иесі тиісті ережелермен талап етілетін қосымша білімге ие екендігі көрсетілетін қосымша диплом бере алады.
      3. Дипломның берілгендігін куәландыру үшін Конвенцияның IV бабында талап етілетін растау Конвенцияның барлық талаптары сақталған жағдайда ғана беріледі.
      4. Тараптардың қалауы бойынша растаулар ДДВА Кодексінің А-І/2 бөліміне сәйкес берілетін дипломдардың нысанына енгізілуі мүмкін. Осындай растау енгізіліп пайдаланылатын нысан А-І/2 бөлімінің 1-тармағында келтірілгендей болуы тиіс. Егер растау өзгеше әдіспен берілетін болса, оның нысаны осы бөлімнің 2-тармағында келтірілгендей болуы тиіс.
      5. І/10 ереженің негізінде дипломды таныған әкімшілік осы дипломды танығанын куәландыратын растауды береді. Конвенцияның барлық талаптары сақталған жағдайда ғана растау беріледі. Растаудың пайдаланылатын нысаны ДДВА Кодексі А-І/2 бөлімінің 3-тармағында келтірелгендей болуы тиіс.
      6. 3, 4 және 5-тармақтарда айтылған растаулар:
      .1 жеке құжаттар түрінде берілуі мүмкін;
      .2 осы нөмір жеке болып табылады деген шартпен оларға тиісті дипломның нөміріндей нөмір берілуі мүмкін, дипломдардың берілуін куәландыратын растаулардан басқа, олардың әрқайсысына берілген жеке нөмірі болады; және
      .3 расталған дипломның қолданылу мерзімі аяқталғанда немесе оны алып қойғанда, оның қолданылуы тоқтатылғанда немесе оны берген Тарап оның күшін жойғанда, және берілген күнінен соң бес жылдан кеш емес кез келген жағдайда қолданылуын тоқтатады.
      7. Диплом иесіне жұмыс істеуге рұқсат етілген лауазым, кемелерді экипажбен қауіпсіз жинақтауға қатысты Әкімшіліктің қолданатын талаптарында пайдаланатындарына ұқсас терминдермен растау нысанында көрсетілуі тиіс.
      8. А-І/2 бөліміне сәйкес рұқсат етілген нұсқаларды назарға ала отырып, талап етілетін ақпаратты латын әріптерімен және араб сандарымен ұсыну шартымен, Әкімшіліктер ДДВА Кодексі А-І/2 бөлімінде келтірілген нысаннан өзгешеленетін нысанды пайдалана алады.
      9. І/10 ереженің 5-тармағының талаптарын ескере отырып, Конвенция талап ететін кез келген дипломның түпнұсқасы оның иесі жұмыс істейтін кемеде болуы тиіс.

І/3 ереже

Жағалаулық жүзуді белгілейтін қағидаттар

      1. Конвенция мақсаттары үшін жағалаулық жүзуді белгілеу кезінде кез келген Тарап басқа Тараптың туын көтеріп жүзуге құқығы бар және осындай жағалаулық жүзуді орындайтын кемелерде жұмыс істейтін теңізшілерге өз туын көтеріп жүзуге құқығы бар кемелердің теңізшілеріне дайындық, тәжірибе немесе дипломдауға қатысты қойылатындардан анағұрлым қатаң талаптар қоймауы тиіс. Ешбір жағдайда да осындай Тарап, басқа Тараптың туын көтеріп жүзуге құқығы бар кемелерде жұмыс істейтін теңізшілерге жағалаулық жүзуді орындамайтын кемелерге қатысты қойылатын Конвенцияның талаптарынан анағұрлым қатаң талаптар қоймауы тиіс.
      2. Қандай да болмасын Тараптың туын көтеріп жүзуге құқығы бар  және басқа Тараптың жағалауында жағалаулық жүзуді тұрақты орындайтын кемелерге қатысты, сол Тараптың туын көтеріп жүзуге құқығы бар Тарап осындай кемелерде жұмыс істейтін теңізшілерге жағалауында кеме жүзуді орындайтын Тарапқа қойылатын талаптарға кем дегенде тең келетін, дайындық, тәжірибе және дипломдауға қатысты талаптарды, олар жағалаулық жүзуді орындамайтын кемелерге қатысты Конвенция талаптарынан қатаң болмауы тиіс деген шартпен, нұсқауы тиіс. Қандай да болмасын Тарап жағалаулық жүзу ретінде белгілегеннің шегінен тыс жүзуді жалғастыратын және осы анықтамамен қамтылмайтын суларға кіретін кемеде жұмыс істейтін теңізшілер Конвенцияның құзыреттілікке қатысты тиісті талаптарын орындауға тиіс.
      3. Оның туын көтеріп жүзуге құқығы бар кемеге Тарап, осындай кеме осы Тарап белгілегендей, Тарап болып табылмайтын мемлекеттің жағалауында тұрақты жағалаулық жүзуді орындағанда жағалаулық жүзуге қатысты Конвенция ережелерінде көзделген жеңілдіктерді ұсына алады.
      4. Жағалаулық жүзуді осы ереженің талаптарына сәйкес белгілейтін Тараптар І/7 ереженің талаптарына сәйкес Бас хатшыға қабылданған ережелер туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді хабарлайды.
      5. Осы ережеде ештеңе де қандай да болмасын мемлекеттің, оның Конвенция Тарабы болғанына немесе болмағанына қарамастан, заңдық иелігін ешқандай да әдіспен шектемейді.

І/4 ереже

Бақылау тәртібі

      1. X бапқа сәйкес тиісінше уәкілеттендірілген лауазымды тұлға жүзеге асырылатын бақылау мыналармен:
      .1 X 1) бабына сәйкес, Конвенция бойынша олардан диплом иелері болуы талап етілетін, кемеде жұмыс істейтін барлық теңізшілердің тиісті дипломдары немесе қолданыстағы жеңілдік рұқсаттары не І/10 ереженің 5-тармағына сәйкес Әкімшілікке растауға өтінім ұсынылғандығының құжаттық дәлелі бар екендігін тексерумен;
      .2 кемеде жұмыс істейтін теңізшілер санының және олардың дипломдарының кемелерді экипаждармен қауіпсіз жинақтауға қатысты Әкімшіліктің қолданатын талаптарына сәйкестігін тексерумен; және
      .3 егер мынадай жағдайлардың кез келгені орын алғандықтан:
      .3.1 кеменің қақтығысуы, қайырға отыруы немесе топыраққа тиюі; немесе
      .3.2 кеме жүріс кезінде, зәкірде немесе айлақта болғанда қандай да болмасын халықаралық конвенцияға сәйкес заңсыз болып табылатын затты тастаса; немесе
      .3.3 қозғалыс жолдарын немесе қауіпсіз навигациялық дағды мен рәсімдерді белгілеу жөнінде Ұйым қабылдаған шараларды сақтамай, кеме ретсіз немесе қауіпті маневрлеуді орындағанда; немесе
      .3.4 кеме басқа жағынан да адамдарға, мүлікке немесе қоршаған ортаға қауіп келтіретіндей болып пайдаланылғанда, осындай нормалардың сақталмағандығына айқын негіз болса, ДДВА Кодексі А-І/4 бөліміне сәйкес кеме теңізшілерінің Конвенция талап ететін вахтаны атқару нормаларын сақтау қабілетін бағалаумен шектеледі.
      2. Адамдарға, мүлікке немесе қоршаған ортаға қауіп келтіреді деп есептелуі мүмкін кемшіліктер мыналарды қамтиды:
      .1 дипломдары болуы тиіс теңізшілердің тиісті дипломдарының, қолданыстағы жеңілдік рұқсаттары немесе І/10 ереженің 5-тармағына сәйкес Әкімшілікке растауға өтінім ұсынылғандығының құжаттық дәлелі бар болмауы;
      .2 кемелерді экипаждармен қауіпсіз жинақтауға қатысты Әкімшіліктің қолданатын талаптарының орындалмауы;
      .3 жүріс көпіршесінде немесе машина бөлімшесінде вахтаны атқаруға қатысты Әкімшілік нұсқаған талаптарды кеменің орындамауы;
      .4 вахта құрамында қауіпсіз жүзуді, қауіпсіздік мақсатында радио байланысын және теңіздің ластануын болдырмауды қамтамасыз ететін жабдықты пайдалану мәселелерінде біліктілігі бар тұлғаның болмауы; және
      .5 рейске шығарда алғашқы вахтаны және одан кейінгі ауысатын вахталарды жеткілікті демалған және басқа да жағынан вахтаны атқаруға дайын құраммен қамтамасыз ету мүмкіндігінің болмауы.
      3. Бақылауды жүзеге асыратын Тарап X баптың негізінде, осы Тарап белгілегендей адамдар, мүлік немесе қоршаған орта үшін қауіп келтіретін, 2-тармақта аталған қандай да болмасын кемшіліктер жойылмаған жағдайда ғана кемені кідірте алады.

І/5 ереже

Ұлттық ережелер

      1. Әрбір Тарап, осы тарап берген дипломдардың немесе растаулардың иелері тарапынан олардың дипломдарына қатысты міндеттерін орындауына байланысты теңізде не теңіздік ортада адам өміріне немесе мүліктің сақталуына тікелей қауіп көрсетуі мүмкін құзыретсіздіктің, әрекеттің немесе олқылықтардың белгілі болған кез келген жағдайларын бейтарап тексеру үшін, сондай-ақ осы себеп бойынша осындай дипломдардың қолданысын тоқтата тұру немесе жою үшін және алаяқтықты болдырмау мақсатында рәсімдерді белгілейді.
      2. Әрбір Тарап Конвенцияны қолданысқа енгізетін оның ұлттық заңнамасының ережелері оның туын көтеріп жүзуге құқығы бар кемелерге немесе тиісті әдіспен осы Тарап диплом берген теңізшілерге қатысты сақталмаған жағдайлар үшін жазаларды немесе тәртіптік шараларды нұсқайды.
      3. Атап айтқанда, осындай жазалар немесе тәртіптік шаралар мынадай жағдайларда:
      .1 компания немесе капитан Конвенция талап ететін дипломы жоқ тұлғаны жалдағанда;
      .2 капитан осы ережелерге сәйкес тиісті дипломы бар тұлға орындауы тиіс қандай да болмасын функцияны немесе қандай да болмасын лауазымдағы жұмысты талап етілетін дипломы, қолданыстағы жеңілдік рұқсаты немесе 1/10 ереженің 5-тармағымен талап етілетін құжаттық растауы жоқ тұлғаның орындауына жол бергенде;
      .3 тұлға алдау немесе қолдан жасалған құжаттарды ұсыну арқылы осы ережелерге сәйкес тиісті дипломы немесе жеңілдік рұқсаты бар тұлға орындауы тиіс қандай да болмасын функцияны немесе қандай да болмасын лауазымдағы жұмысты орындау үшін жалданғанда нұсқалады және жүзеге асырылады.
      4. 3-тармақта көрсетілген Конвенция шындығында сақталмаған қандай да болмасын жағдай үшін олар жауапты болады деуге айқын негіз болған немесе ол туралы хабардар қандай да болмасын компания немесе қандай да болмасын тұлға оның заңдық иелігі шегінде болатын Тарап, өз заңдық иелігі шегінде тексеруді қозғауға өзінің ниеті туралы хабардар еткен кез келген Тарапқа барлық мүмкін көмегін көрсетеді.

I/6 ереже

Даярлау және бағалау

      Әрбір Тарап:
      .1 Конвенция талаптарына сәйкес теңізшілерді даярлау мен бағалауды басқарудың, басшылық етудің және қадағалаудың ДДВА Кодексі А-1/6 бөлімінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуын; және
      .2 Конвенция талаптарына сәйкес теңізшілерді даярлау және құзыреттілігін бағалау үшін жауапты тұлғалардың ДДВА Кодексі А-1/6 бөлімінің ережелеріне сәйкес даярлаудың немесе бағалаудың тиісті түрі мен деңгейіне қатысты тиісті біліктілігінің болуын қамтамасыз етеді.

I/7 ереже

Ақпаратты ұсыну

      1. IV бапқа сәйкес ұсыну талап етілетін ақпаратқа қосымша әрбір Тарап Бас хатшыға белгіленген мерзімдерде және ДДВА Кодексі А-І/7 бөлімінде көрсетілген нысан бойынша Конвенцияны толық жүзеге асыру үшін Тарап қолданатын басқа шараларға қатысты Кодекс талап етуі мүмкін басқа ақпаратты жолдайды.
      2. IV бапта және ДДВА Кодексі А-І/7 бөлімінде нұсқалған толық ақпарат алынғанда және осындай ақпарат Конвенция ережелерінің толығымен жүзеге асырылғандығын растағанда Бас хатшы бұл туралы Теңіздегі қауіпсіздік жөніндегі комитетке баяндама ұсынады.
      3. Теңіздегі қауіпсіздік жөніндегі комитет, ол мақұлдаған рәсімдерге сәйкес ұсынылған ақпарат Конвенция ережелерінің толық жүзеге асырылып жатқандығын көрсететіндігін растағаннан кейін:
      .1 Теңіздегі қауіпсіздік жөніндегі комитет осының оларға қатысы бар Тараптарды белгілейді;
      .2 басқа Тараптар, І/4 және І1/10 ережелерінің талаптары сақталған жағдайда 3.1-тармақта көрсетілген Талаптар берген немесе олардың атынан берілген дипломдар негізінен Конвенцияға сәйкес келетіндігін мойындау құқығына ие болады.

І/8 ереже

Сапа стандарттары

      1. Әрбір Тарап мыналарды:
      .1 оның уәкілеттік беруімен үкіметтік емес органдар немесе ұйымдар жүзеге асыратын, ДДВА Кодексі А-І/8 бөлімінің ережелеріне сәйкес даярлау, құзыреттілігін бағалау, диплом беру, құжаттардың қолданылу мерзімін растау және ұзарту жөніндегі барлық іс-әрекеттің, инструкторлар мен емтихан қабылдаушылардың біліктілігіне қатыстыларын қоспағанда, қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін сапа стандарттары жүйесі арқылы тұрақты бақылауда болуын; және
      .2 осындай іс-әрекетті үкіметтік органдар немесе ұйымдар жүзеге асырған жағдайда сапа стандарттары жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.
      2. Әрбір Тарап сондай-ақ ДДВА Кодексі А-І/8 бөлімінің ережелеріне сәйкес өздері тиісті қызметпен байланысты емес білікті тұлғалардың мерзімді бағалау жүргізуін қамтамасыз етеді.
      3. 2-тармақта талап етілетін бағалауға қатысты ақпарат Бас хатшыға жолданады.

І/9 ереже

Медициналық талаптар - Дипломдарды беру және тіркеу

      1. Әрбір Тарап теңізшілердің денсаулығына, әсіресе көруіне және естуіне қатысты талаптарды белгілейді.
      2. Әрбір Тарап дипломдардың осы ереженің талаптарына жауап
беретін үміткерлерге ғана берілуін қамтамасыз етеді.
      3. Диплом алуға үміткерлер мыналардың:
      .1 олардың жеке басының;
      .2 олардың жасы талап етілетін дипломға қатысты ережеде нұсқалғанған кем еместігінің;
      .3 олардың Тараптар белгілеген денсаулық жағдайына, әсіресе естуге және көруге қатысты талаптарға жауап беретіндігінің және тиісті біліктілігі бар дәрігер берген және осы Тарап мойындаған денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығын растайтын қолданыстағы құжаты бар екендігінің;
      .4 олардың кемедегі жұмыс өтілі бар екендігінің және талап етілетіні диплом үшін осы ережелермен талап етілетін, онымен байланысты кез келген міндетті дайындықтан өткендігінің;
      .5 олардың дипломға растауда көрсетілуі тиіс лауазымдар, функциялар мен деңгейлер үшін осы ережелермен нұсқалған құзыреттілік стандарттарына жауап беретіндігінің қанағаттанарлық дәлелін ұсынуы тиіс.
      4. Әрбір Тарап:
      .1 капитандар мен командалық құрам тұлғаларының және қажет болғанда қатардағы құрам тұлғаларының берілген, қолданыс мерзімі аяқталған немесе ұзартылған, қолданыс тоқтатыла тұрған, жойылған, жоғалған немесе жойылған барлық дипломдары мен растауларының, сондай-ақ берілген жеңілдік рұқсаттарының тізілімін немесе тізілімдерін жүргізуге; және
      .2 осындай дипломдар, растаулар мен жеңілдік рұқсаттардың жай-күйі туралы ақпаратты, өздерінің дипломдарының 1/10 ережеге сәйкесі мойындалуын талап ететін теңізшілері ұсынатын дипломдардың шынайылығы мен пәрменділігін тексеруді өтінген басқа Тараптар мен компанияларға ұсынуға міндеттенеді.

І/10 ереже

Дипломдарды мойындау

      1. Әрбір Тарап екінші Тарап немесе оның уәкілеттендіруі бойынша капитанға, командалық құрам тұлғасына немесе радиооператорға берілгені дипломды І/2 ереженің 5-тармағына сәйкес растау арқылы мойындау мақсатында, сондай-ақ:
      .1 Әкімшілік даярлау орталықтары мен рәсімдерін тексеруді қамту мүмкін барлық қажетті шаралардың көмегімен құзыреттілік стандарттарына дипломдарды беру мен растауға және құжаттаманы жүргізуге қатысты талаптардың толық сақталатындығын растауы үшін; және
      .2 Конвенцияға сәйкес қолданылатын даярлау және дипломдау  жүйесіндегі кез келген маңызды өзгерістер туралы мүдделі Тараптың дереу мәлімдейтіндігі туралы онымен уағдаластықтың болуы үшін осы ереженің талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
      2. ІІ/2, ІІІ/2 немесе ІІІ/3 ережелерінің талаптары негізінде немесе VІІ/1 ереженің негізінде берілген дипломдарды мойындау үшін ұсынатын теңізшілердің олардың орындауына рұқсат етілген функцияларға қатысты Әкімшіліктің заңнамасын тиісті білуін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдануы тиіс.
      3. Ұсынылған ақпарат және осы ереженің негізінде келісілген шаралар І/7 ереженің талаптарына сәйкес Бас хатшыға хабарлануы тиіс.
      4. Тарап болып табылмайтын мемлекет берген немесе оның уәкілеттігі бойынша берілген дипломдар мойындалмайды.
      5. Әкімшілік І/2 ереженің 5-тармағының талаптарына қарамастан, егер мұны жағдай талап етсе, егер теңізшінің осы Тараптың кемелерінде пайдалану талаптарына сәйкес берілген және расталған, бірақ осы Әкімшіліктің туын көтеріп жүзу құқығына ие кемелерде жұмыс істеу үшін тиісті диплом болып табылу үшін расталмаған, тиісті қолданыстағы дипломы болса оған үш айдан артық емес кезең ішінде, оның туын көтеріп жүзу құқығы бар кемеде кез келген (Радиобайланыс регламентінде көзделген жағдайларды қоспағанда, радио маман немесе радио операторынан өзге) лауазымда жұмыс істеуіне рұқсат бере алады. Әкімшілікке растауға өтініш ұсынылғаны туралы құжаттық дәлел бар болуы тиіс.
      6. Осы ереженің талаптары негізінде екінші Тарап берген дипломды мойындау немесе мойындауды растау ретінде Әкімшілік берген дипломдар мен растаулар кейіннен басқа Әкімшіліктің мойындауы үшін негіз ретінде пайдаланылмауы тиіс.

І/11 ереже

Дипломдардың пәрменділігін растау

      1. Конвенцияның VI тарауынан басқа кез келген тарауы негізінде берілген немесе мойындалған дипломы бар, кемеде жұмыс істейтін немесе жағада өткізген кезеңнен кейін кемеге қайтып келуге ниеттенген әрбір капитан, командалық құрам тұлғасы және радио операторы кемедегі жұмыстарға жарамдығын растау үшін бес жылдан аспайтын уақыт аралығы сайын:
      .1 І/9 ережесінде көзделген денсаулық жағдайына қойылатын талаптарға жауап беруі; және
      .2 ДДВА Кодексі А-І/11 бөліміне сәйкес кәсіптік жарамдылығының сақталуын дәлелдеуі тиіс.
      2. Оларға қатысты халықаралық деңгейде даярлауға қойылатын арнайы талаптар келісілген кемелерде жұмысын жалғастыру үшін әрбір капитан, командалық құрам тұлғасы және радио операторы тиісті мақұлданған даярлаудан өтуі тиіс.
      3. Әрбір Тарап 2002 жылғы 1 ақпанға дейін берілетін дипломдарды алуға үміткерлерге ол қоятын құзыреттілік талаптарын ДДВА Кодексінің А бөлігінде диплом алу үшін көрсетілгендермен салыстыруы және осындай диплом иелерінің тиісті қайта даярлау және біліктілігін арттыру немесе бағалау курстарынан өтуін талап ету қажеттілігін белгілеуі тиіс.
      4. Тарап мүдделі тұлғалармен немесе ұйымдармен консультация бойынша ДДВА Кодексінің А І/11 бөлімінде көзделгендей қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарының құрылымын жасауы немесе жасауын ынталандыруы тиіс.
      5. Капитандардың, командалық құрам тұлғаларының және радио операторларының білімін жетілдіру мақсатында әрбір Тарап теңізде адам өмірін қорғау және теңіздік ортаны қорғауға қатысты ұлттық және халықаралық ережелердегі соңғы өзгерістер мәтіндерінің оның туын көтеріп жүзу құқығы бар кемелерде болуын қамтамасыз етуі тиіс.

І/12 ереже

Тренажерларды пайдалану

      1. А-І/12 бөлімде баяндалған пайдаланымдық талаптар мен басқа да ережелер және ДДВА Кодексінің А бөлігінде кез келген тиісті дипломдары үшін нұсқалған басқа да талаптар мыналарға қатысты сақталуы тиіс:
      .1 тренажерларды пайдалануға негізделген барлық міндетті дайындыққа;
      .2 тренажерды пайдаланып жүргізілетін, ДДВА Кодексінің А бөлігінде талап етілетін құзыреттіліктің кез келген бағалауына; және
      .3 тренажерды пайдаланып кез келген көрсетуге, ДДВА Кодексінің А бөлігінде талап етілетін кәсіби дағдыларының сақталуына.
      2. Мүдделі Тараптың қалауы бойынша 2002 жылғы 1 ақпанға дейін орнатылған немесе енгізілген тренажерларға 1-тармақта аталған пайдаланымдық талаптар толық көлемде қолданылмауы мүмкін.

І/13 ереже

Сынақтар жүргізу

      1. Осы ережелер Әкімшіліктің, оның туын көтеріп жүзу құқығына ие кемелердің сынақтарға қатысуына рұқсат беруіне кедергі келтірмейді.
      2. Осы ереженің мақсаттары үшін "сынақ" термині шектелген уақыт кезеңі барысында жүргізілетін тәжірибені немесе тәжірибелер сериясын білдіреді, олар қауіпсіздік пен ластанудың алдын алудың кем дегенде осы ережеде көзделгендей деңгейін қамтамасыз ететін, Конвенцияда нұсқалған белгілі міндеттерді орындаудың немесе нақты шараларды жүзеге асырудың балама әдістерін бағалау үшін автоматтандырылған немесе біріктірілген жүйелерді пайдалануды қамтуы мүмкін.
      3. Кемелерге сынақтарға қатысуға рұқсат беретін Әкімшілік осы сынақтардың қауіпсіздік пен ластанудың алдын алудың кем дегенде осы ережеде көзделгендей деңгейін қамтамасыз ететіндей болып жүргізілетіндігіне көз жеткізуі тиіс. Мұндай сынақтар Ұйым қабылдаған басшылыққа сәйкес жүргізілуі тиіс.
      4. Осындай сынақтар туралы егжей-тегжейлі мәліметтер Ұйымға мүмкіндігінше алдын ала, бірақ сынақтар бастау жоспарланған күнге дейін кемінде алты ай бұрын хабарлануы тиіс.
      5. 1-тармаққа сәйкес рұқсат етілген сынақтардың нәтижелері және осы нәтижелерге қатысты Әкімшіліктің кез келген мүмкін ұсынымдары осындай нәтижелер мен ұсынымдарды барлық Тараптарға тарататын Ұйымға
хабарлануы тиіс.
      6. Осы ережеге сәйкес рұқсат етілген нақты сынақтарға қандай да болмасын қарсылықтары бар кез келген Тарап осындай қарсылықтары туралы Ұйымға мүмкіндігінше тез хабарлауы тиіс. Ұйым барлық Тараптарға осы қарсылықтар туралы егжей-тегжейлі мәлімет таратады.
      7. Сынақты жүргізуге рұқсат берген Әкімшілік оның туын көтеріп жүзу құқығына ие кемелер өзінің қарсылықтары туралы Ұйымға хабарлаған мемлекеттің жағалаулық суларында жүзген уақытта сынақтар жүргізбеуіне нұсқау жолдау арқылы басқа Тараптардан алынған осы сынаққа қарсылықтарды ескеруі тиіс.
      8. Сынақтар нәтижелері негізінде нақты жүйе қауіпсіздік пен ластанудың алдын алудың кем дегенде осы ережеде көзделгендей деңгейін қамтамасыз ететіндігі туралы қорытынды жасаған Әкімшілік, оның туын көтеріп жүзу құқығына ие кемелерге мынадай талаптар сақталған жағдайда осындай жүйені шектеусіз пайдалануды жалғастыра беруге рұқсат бере алады:
      .1 5-тармаққа сәйкес сынақтар нәтижелері туралы хабарлама жіберілген соң Әкімшілік Ұйымға кез келген осындай рұқсат туралы, рұқсат таралуы мүмкін нақты кемелер туралы деректерді қоса алғанда, егжей-тегжейлі мәлімет ұсынуы тиіс, ал Ұйым осы ақпаратты барлық Тараптарға таратуы тиіс;
      .2 осы тармақтың негізінде рұқсат етілген жүйені пайдалану Ұйым әзірлеген басшылыққа сәйкес, сынақ кезінде қолданылатын шамада жүзеге асырылуы тиіс;
      .3 осындай жүйені пайдалану 7-тармаққа сәйкес басқа Тараптардан алынған қарсылықтарды ескере отырып, осындай қарсылықтар кері қайтарылмаған шамада жүзеге асырылуы тиіс; және
      .4 осы тармақтың негізінде рұқсат етілген жүйені пайдалану Теңіздегі қауіпсіздік жөніндегі комитет Конвенцияға түзету енгізу орындылығына және егер орынды болса, онда жүйені пайдалануды тоқтата тұру немесе түзету күшіне енгенге дейін жалғастыруға рұқсат беру орындылығына қатысты шешім қабылдағанға дейін жүзеге асырылуы тиіс.
      9. Кез келген Тараптың өтініші бойынша Теңіздегі қауіпсіздік жөніндегі комитет сынақтар нәтижелерін қарау және тиісті шешімдер қабылдау күнін белгілейді.

І/14 ереже

Компаниялардың жауапкершілігі

      1. А-І/14 бөлімінің ережелеріне сәйкес әрбір Әкімшілік олардың кемелерінде жұмыс істеу үшін теңізшілерді осы Конвенцияның ережелерін сәйкес тағайындауы үшін жауапкершілікті компанияларға жүктеуі және осындай әрбір компаниядан мыналардың қамтамасыз етілуін:
      .1 қандай да болмасын кемелерге тағайындалған әрбір теңізшіні Конвенцияның ережелеріне және Әкімшіліктің нұсқамаларына сәйкес тиісті дипломы болуын;
      .2 оның кемелерінің кемелерді экипаждармен қауіпсіз жинақтауға қатысты Әкімшіліктің қолданатын талаптарына сәйкес экипаждармен жинақталуын;
      .3 оның кемелерінде жұмыс істейтін барлық теңізшілерге қатысты құжаттар мен мәліметтердің тәртіппен сақталуын, оңай қол жеткізілуін және оларға бекітілген міндеттерді орындау үшін олардың тәжірибесі, дайындығы, денсаулық жағдайы және құзыреттілігі туралы, осымен шектелмей, құжаттар мен мәліметтерді қамтуын;
      .4 кемелердің кез келгеніне тағайындала отырып теңізшілердің өздерінің нақты міндеттерімен, сондай-ақ олардың күнделікті міндеттеріне немесе авария кезіндегі міндеттеріне қатысы бар барлық кеме құрылғыларымен, қондырғыларымен, жабдығымен, рәсімдерімен және кеменің сипаттамасымен таныс болуын; және
      .5 авариялық жағдайда және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ластанудың алдын алу немесе оның салдарын жұмсарту үшін кеме персоналының өз іс-әрекетін тиімді үйлестіре алуын талап етуі тиіс.

І/15 ереже

Ауыспалы кезең ережесі

      1. 1998 жылғы 1 тамызға дейін кемелерде мақұлданған жұмыс өтілін немесе даярлаудың мақұлданған курсынан өте бастаған теңізшілерге қатысты тікелей 1997 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылған Конвенцияның ережелеріне сәйкес дипломдарды беруді, тануды және растауды Тарап 2002 жылғы 1 ақпанға дейін жалғастыра алады.
      2. Тікелей 1997 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылған Конвенцияның ережелеріне сәйкес Тарап 2002 жылғы 1 ақпанға дейін дипломдар мен растаулардың қолданылу мерзімін жаңарта немесе ұзарта алады.
      3. Тікелей 1997 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылған Конвенцияның ережелеріне сәйкес осы Тарап алғашында берген дипломды І/11 ережеге сәйкес Тарап қайта берген немесе қолданылу мерзімін ұзартқан жағдайда Тарап алғашқы дипломдарда көрсетілген сыйымдылық жөніндегі шектеулерді өз қалауы бойынша мынадай әдіспен ауыстыруы мүмкін:
      .1 "200 тіркемелік тонна жалпы сыйымдылығы" "500 жалпы сыйымдылыққа" ауыстырылуы мүмкін; және
      .2 "1 600 тіркемелік тонна жалпы сыйымдылығы" "3 000 жалпы сыйымдылыққа" ауыстырылуы мүмкін.

II ТАРАУ

КАПИТАН ЖӘНЕ ПАЛУБАЛЫҚ КОМАНДА

II/1 ереже

Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық
кеме капитандарының вахталық көмекшілерін
дипломдауға қойылатын ең аз міндетті талаптар

      1. Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық теңіз кемесінің капитаны вахталық көмекшісінің тиісті дипломы болуы тиіс.
      2. Дипломды алуға әрбір үміткер:
      .1 18 жастан жас болмауы;
      .2 ДДВА Кодексінің А-ІІ/1 бөлімінің талаптарына жауап беретін кемедегі дайындықты қамтитын мақұлданған даярлау бағдарламасының бөлігі ретінде кемеде кемінде бір жыл мақұлданған өтілінің болуы және даярлауды тіркеудің мақұлданған кітапшасында құжаттай расталған болуы немесе кемеде кемінде үш жыл мақұлданған өтілінің болуы;
      .3 кемедегі талап етілетін жұмыс өтілі барысында капитанның немесе командалық құрамның білікті тұлғасының басшылығымен кемінде алты ай кезең ішінде көпіршеде вахтаны атқаруы жөнінде міндеттер орындауы;
      .4 Радиобайланыс регламентіне сәйкес радио қызмет жөнінде белгіленген міндеттерін орындау үшін IV тараудың қолданылатын талаптарына жауап беруі; және
      .5 мақұлданған оқытудан және даярлаудан өтуі және ДДВА Кодексі А-ІІ/1 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына жауап беруі тиіс.

ІІ/2 ереже

Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық
кеме капитандарын және капитанның аға көмекшілерін
дипломдауға қойылатын ең аз міндетті талаптар

      Жалпы сыйымдылығы 3 000 немесе одан артық кемелер
      капитаны және капитанның аға көмекшісі
      1. Жалпы сыйымдылығы 3 000 немесе одан артық теңіз кемесінің әрбір капитаны және капитанның аға көмекшісі тиісті дипломға ие болуы тиіс.
      2. Диплом алуға әрбір үміткер:
      .1 жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық кеме капитандарының вахталық көмекшілерін дипломдауға қойылатын талаптарға жауап беруі және осы лауазымда кемеде:
      .1.1 капитанның аға көмекшісі дипломын алу үшін - кемінде 12 ай, және
      .1.2 капитан дипломын алу үшін - кемінде 36 ай мақұлданған жұмыс өтілі болуы; дегенмен егер үміткердің кемеде капитанның аға көмекшісі лауазымында кемінде 12 ай жұмыс өтілі болса, бұл мерзім 24 айға дейін қысқартылуы мүмкін; және
      .2 мақұлданған оқыту мен даярлаудан өтуі және ДДВА Кодексінің А-ІІ/2 бөлімінде көрсетілген жалпы сыйымдылығы 3 000 немесе одан артық кеме капитандары мен капитандарының аға көмекшілеріне арналған құзыреттілік стандарттарына жауап беруі тиіс.
      Жалпы сыйымдылығы 500-ден бастап 3 000-ға дейінгі
      кемелер капитаны және капитанның аға көмекшісі
      3. Жалпы сыйымдылығы 500-ден бастап 3 000-ға дейінгі теңіз кемесінің әрбір капитаны және капитанның аға көмекшісі тиісті дипломға ие болуы тиіс.
      4. Диплом алуға әрбір үміткер:
      .1 капитанның аға көмекшісінің дипломын алу үшін жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық кеме капитанының вахталық көмекшісіне қойылатын талаптарға жауап беруі;
      .2 капитанның дипломын алу үшін жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық кеме капитанының вахталық көмекшісіне қойылатын талаптарға жауап беруі және кемеде осы лауазымда кемінде 36 ай мақұлданған жұмыс өтілі болуы; дегенмен егер үміткердің кемеде капитанның аға көмекшісі лауазымында кемінде 12 ай жұмыс өтілі болса, бұл мерзім 24 айға дейін қысқартылуы мүмкін; және
      .3 мақұлданған оқыту мен даярлаудан өтуі және ДДВА Кодексінің А-ІІ/2 бөлімінде көрсетілген жалпы сыйымдылығы 500-ден бастап 3 000-ға дейінгі кеме капитандары мен капитандарының аға көмекшілеріне арналған құзыреттілік стандарттарына жауап беруі тиіс.

ІІ/3 ереже

Жалпы сыйымдылығы 500-ден кем кеме капитандарының вахталық көмекшілерін және кеме капитандарын дипломдауға қойылатын ең аз міндетті талаптар

      Жағалаулық жүзуді орындамайтын кемелер
      1. Жалпы сыйымдылығы 500-ден кем, жағалаулық жүзуді орындамайтын теңіз кемесінде жұмыс істейтін капитанның әрбір вахталық көмекшісінің жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық кемелерде жұмыс істеуге арналған тиісті дипломы болуы тиіс.
      2. Жалпы сыйымдылығы 500-ден кем, жағалаулық жүзуді орындамайтын теңіз кемесінде жұмыс істейтін әрбір капитанның жалпы сыйымдылығы 500-ден бастап 3 000-ға дейінгі кемелерде жұмыс істеуге арналған тиісті дипломы болуы тиіс.
      Жағалаулық жүзуді орындайтын кемелер
      Капитанның вахталық көмекшісі
      3. Жалпы сыйымдылығы 500-ден кем, жағалаулық жүзуді орындайтын теңіз кемесі капитанының әрбір вахталық көмекшісінің тиісті дипломы болуы тиіс.
      4. Жалпы сыйымдылығы 500-ден кем, жағалаулық жүзуді орындайтын теңіз кемесі капитанының вахталық көмекшісінің дипломын алуға әрбір үміткер:
      .1 18 жастан жас болмауы;
      .2 мыналардан:
      .2.1 кемедегі тиісті жұмысының Әкімшілік белгілеген жеткілікті өтілін қамтитын арнайы даярлаудан, немесе
      .2.2 палубалық команда құрамында кемеде кемінде үш жыл мақұлданған жұмыс өтілінен етуі;
      .3 Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиоқызмет жөнінде белгіленген міндеттерді орындау үшін IV тарау ережелерінің қолданыстағы талаптарына жауап беруі; және
      .4 мақұлданған оқыту мен даярлаудан өтуі және ДДВА Кодексінің А-ІІ/3 бөлімінде көрсетілген жалпы сыйымдылығы 500-ден кем, жағалаулық жүзуді орындайтын кеме капитандарының вахталық көмекшілері мен капитандарына арналған құзыреттілік стандарттарына жауап беруі тиіс.
      Капитан
      5. Жалпы сыйымдылығы 500-ден кем, жағалаулық жүзуді орындайтын теңіз кемесінде жұмыс істейтін әрбір капитанның тиісті дипломы болуы тиіс.
      6. Жалпы сыйымдылығы 500-ден кем, жағалаулық жүзуді орындайтын теңіз кемесі капитанының дипломын алуға әрбір үміткер:
      .1 20 жастан жас болмауы;
      .2 кемеде капитанның вахталық көмекшісі лауазымында кемінде 12 ай мақұлданған жұмыс өтілі болуы; және
      .3 мақұлданған оқыту мен даярлаудан етуі және ДДВА Кодексінің А-ІІ/3 бөлімінде көрсетілген жалпы сыйымдылығы 500-ден кем, жағалаулық жүзуді орындайтын кеме капитандарына арналған құзыреттілік стандарттарына жауап беруі тиіс.
      7. Алып қоюлар
      Егер Әкімшілік кеме көлеміне және жүзу жағдайларына байланысты осы ереже мен ДДВА Кодексі А-ІІ/3 бөлімінің талаптарын толық көлемде қолдануды орынсыз немесе шын мәнінде мүмкін емес деп есептесе, ол осындай кеменің немесе кемелер сыныбының капитаны мен капитанның вахталық көмекшісін, осы суда жүзуі мүмкін барлық кемелердің қауіпсіздігін назарға ала отырып, белгілі бір дәрежеде талаптардың кейбіріне сәйкес келуден босата алады.

ІІ/4 ереже

Жүруде вахта жұмысын атқаратын қатардағы құрам тұлғаларын дипломдауға қойылатын ең аз міндетті талаптар

      1. Даярлаудан өтіп жатқан қатардағы құрам тұлғасы және вахтаны атқару уақытындағы міндеттері біліктілікті талап етпейтін қатардағы құрам тұлғасы болып табылмайтын, жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық теңіз кемесіндегі жүруде вахта жұмысын атқаратын құрамға кіретін қатардағы құрамның әрбір тұлғасы осындай міндеттерді орындау үшін тиісті түрде дипломдалуы тиіс.
      2. Дипломды алуға әрбір үміткер:
      .1 16 жастан жас болмауы;
      .2 мыналардан:
      .2.1 даярлауды және кемінде алты ай ішінде тәжірибе жинақтауды қоса алғанда кемедегі мақұлданған жұмыс өтілінен, немесе
      .2.2 кемінде екі ай кемедегі мақұлданған жұмыс өтілін қоса алғанда не жағалауда, не кемеде арнайы даярлаудан өтуі; және
      .3 ДДВА Кодексі А-ІІ/4 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына жауап беруі тиіс.
      3. 2.2.1 және 2.2.2 тармақшаларында талап етілетін кемедегі жұмыс өтілі, даярлау мен тәжірибе жүруде вахта жұмысын атқару жөніндегі функциялармен байланысты болуы және міндеттерді капитанның, капитанның вахталық көмекшісінің немесе қатардағы құрамның білікті тұлғасының тікелей басшылығымен орындауды қамтуы тиіс.
      4. Егер осы Тарап үшін Конвенция күшіне ену алдындағы соңғы бес жылдың кемінде бір жылында теңізшілер палубалық команда құрамында тиісті лауазымда жұмыс істеген болса, Тарап оларды осы ережені талаптарына жауап береді деп есептей алады.

III ТАРАУ

МАШИНАЛЫҚ КОМАНДА

III/1 ереже

Қызмет көрсетілетін немесе мезгіл-мезгіл қызмет көрсетілмейтін
машиналық бөлімшесі бар кемелердің вахталық механиктерін
дипломдауға қойылатын ең аз міндетті талаптар

      1. Қызмет көрсетілетін немесе мезгіл-мезгіл қызмет көрсетілмейтін машиналық бөлімшесі және қуаттылығы 750 кВт немесе одан артық бас қозғалтқыш қондырғысы бар теңіз кемелерінің әрбір вахталық механигінің тиісті дипломы болуы тиіс.
      2. Дипломды алуға әрбір үміткер:
      .1 18 жастан жас болмауы;
      .2 ДДВА Кодексі А-ІІІ/1 бөліміне сәйкес машиналық команда құрамында кемеде кемінде алты ай жұмыс өтілі болуы; және
      .3 даярлауды тіркеудің мақұлданған кітапшасында құжаттай расталған кемедегі даярлауды қоса алғанда, ұзақтығы кемінде 30 ай мақұлданған оқыту мен даярлаудан өтуі және ДДВА Кодексі А-ІІІ/1 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына жауап беруі тиіс.

ІІІ/2 ереже

Қуаттылығы 3 000 кВт немесе одан артық бас қозғалтқыш
қондырғысы бар кемелердің аға механиктері мен екінші механиктерін дипломдауға қойылатын ең аз міндетті талаптар

      1. Қуаттылығы 3 000 кВт немесе одан артық бас қозғалтқыш қондырғысы бар кемелердің әрбір аға механиктері мен екінші механиктерінің тиісті дипломы болуы тиіс.
      2. Дипломды алуға әрбір үміткер:
      .1 вахталық механикті дипломдауға қойылатын талаптарға жауап беруі; және
      .1.1 екінші механик дипломын алу үшін кемеде кемінде 12 ай тағылымдамашы механик немесе механик лауазымында мақұлданған жұмыс өтілі болуы; және
      .1.2 аға механик дипломын алу үшін кемеде кемінде 36 ай, оның ішінде кемінде 12 айы - екінші механик лауазымында жұмыс істеу үшін талап етілетін біліктілігі бар болған кезде механик лауазымында мақұлданған жұмыс өтілі болуы; және
      .2 мақұлданған оқыту мен даярлаудан өтуі және ДДВА Кодексі А-ІІІ/2 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына жауап беруі тиіс.

ІІІ/3 ереже

Қуаттылығы 750-ден бастап 3 000 кВт дейінгі бас қозғалтқыш
қондырғысы бар кемелердің аға механиктері мен екінші механиктерін дипломдауға қойылатын ең аз міндетті талаптар

      1. Қуаттылығы 750-ден бастап 3 000 кВт дейінгі бас қозғалтқыш қондырғысы бар кемелердің әрбір аға механигі мен екінші механигінің тиісті дипломы болуы тиіс.
      2. Дипломды алуға әрбір үміткер:
      .1 вахталық механикті дипломдауға қойылатын талаптарға жауап беруі; және
      .1.1 екінші механик дипломын алу үшін кемеде кемінде 12 ай тағылымдамашы механик немесе механик лауазымында мақұлданған жұмыс өтілі болуы; және
      .1.2 аға механик дипломын алу үшін кемеде кемінде 24 ай, оның ішінде кемінде 12 айы - екінші механик лауазымында жұмыс істеу үшін талап етілетін біліктілігі бар болған кезде мақұлданған жұмыс өтілі болуы; және
      .2 мақұлданған оқыту мен даярлаудан етуі және ДДВА Кодексі А-ІІІ/3 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына жауап беруі тиіс.
      3. Қуаттылығы 3 000 кВт немесе одан артық бас қозғалтқыш қондырғысы бар кемелердің екінші механигі лауазымында жұмыс істеу үшін талап етілетін біліктілігі бар әрбір аға механик, оның кемеде кемінде 12 ай мақұлданған жұмыс өтілі және тиісті расталған дипломы болуы шартымен қуаттылығы 3 000 кВт кем бас қозғалтқыш қондырғысы бар кемелердің аға механигі лауазымында жұмыс істей алады.

ІІІ/4 ереже

Қызмет көрсетілетін немесе мезгіл-мезгіл қызмет көрсетілмейтін
машиналық бөлімшесі бар кемелердің қатардағы құрам тұлғаларын
дипломдауға қойылатын ең аз міндетті талаптар

      1. Қызмет көрсетілетін немесе мезгіл-мезгіл қызмет көрсетілмейтін машиналық бөлімшесі бар және қуаттылығы 750 кВт немесе одан артық бас қозғалтқыш қондырғысы бар теңіз кемесіндегі машиналық вахтаның құрамына кіретін, даярлаудан өтетін қатардағы құрам тұлғасы және міндеттері біліктілікті талап етпейтін қатардағы құрам тұлғасы болып табылмайтын қатардағы құрамның әрбір тұлғасы осындай міндеттерді орындау үшін тиісінше дипломдалуы тиіс.
      2. Диплом алуға әрбір үміткер:
      .1 16 жастан жас болмауы;
      .2 мыналардан:
      .2.1 кемінде алты ай ішіндегі даярлауды және тәжірибе алуды қоса алғанда кемедегі мақұлданған жұмыс өтілінен, немесе
      .2.2 кемінде екі ай кемедегі мақұлданған өтілін қоса алғанда жағалаудағы не кемедегі арнайы даярлаудан өтуі; және
      .3 ДДВА Кодексі А-ІІІ/4 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына жауап беруі тиіс.
      3. 2.2.1 және 2.2.2 тармақшаларында талап етілетін кемедегі  жұмыс өтілі, даярлау мен тәжірибе жүруде машиналық вахта жұмысын атқару женіндегі функциялармен байланысты болуы және міндеттерді механиктің немесе қатардағы құрамның білікті тұлғасының тікелей басшылығымен орындауды қамтуы тиіс.
      4. Егер осы Тарап үшін Конвенция күшіне ену алдындағы соңғы бес жылдың кемінде бір жылында теңізшілер машиналық команда құрамында тиісті лауазымда жұмыс істеген болса, Тарап оларды осы ереженің талаптарына жауап береді деп есептей алады.

IV ТАРАУ

РАДИОБАЙЛАНЫС ЖӘНЕ РАДИОМАМАНДАР

      Түсіндірмелер
      Радиовахтаны атқаруға қатысты міндетті ережелер Радиобайланыс регламентінде және түзетулермен бірге алынған Теңіздегі адам өмірін қорғау жөніндегі 1974 жылғы халықаралық конвенцияда және Ұйым қабылдаған басшылықта баяндалған.

IV/1 ереже

Қолдану

      1. 3-тармақта көзделгенді қоспағанда осы тараудың ережелері Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесі (АБЖТЖ) шеңберінде пайдаланылатын кемелердегі радиомамандарға түзетулермен бірге алынған Теңіздегі адам өмірін қорғау жөніндегі 1974 жылғы халықаралық конвенцияда нұсқалғандай қолданылады.
      2. Тікелей 1992 жылғы 1 ақпанға дейін қолданыста болған Теңіздегі адам өмірін қорғау жөніндегі 1974 жылғы халықаралық конвенцияның ережелеріне сәйкес келетін кемелердегі радиомамандар 1999 жылғы 1 қаңтарға дейін 1992 жылғы 1 желтоқсанға дейін қолданыста болған Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахтаны атқару туралы халықаралық конвенцияның ережелеріне сәйкес келуі тиіс.
      3. Олардан СОЛАС Конвенциясы IV тарауының АБЖТЖ-ға қатысты ережелеріне сәйкес болуы талап етілмейтін кемелердегі радиомамандар осы тараудың ережелеріне сәйкес болмауы мүмкін. Дегенмен, осында кемелердегі радиомамандар Радиобайланыс регламентіне сәйкес келуі тиіс. Әкімшілік Радиобайланыс регламентінде нұсқалған тиісті дипломдардың осындай радиомамандарға қатысты берілуін немесе танылуын қамтамасыз етуі тиіс.

ІV/2 ереже

АБЖТЖ радиомамандарын дипломдауға қойылатын ең аз міндетті талаптар

      1. Радиобайланыс үшін жауапты немесе оны кемеде жүзеге асыратын, одан АБЖТЖ-ға қатысу талап етілетін әрбір тұлғаның Радиобайланыс регламентінің ережелері негізінде Әкімшілік беретін немесе танитын АБЖТЖ-ға қатысты тиісті дипломы болуы тиіс.
      2. Бұдан басқа, түзетулермен бірге алынған Теңіздегі адам өмірін қорғау жөніндегі 1974 жылғы халықаралық конвенцияға сәйкес радиоқондырғысы болуы тиіс кемеде жұмыс істеу үшін осы ереженің негізінде диплом алуға әрбір үміткер:
      .1 18 жастан жас болмауы; және
      .2 мақұлданған оқыту мен даярлаудан өтуі және ДДВА Кодексі А-ІV/2 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына жауап беруі тиіс.

V ТАРАУ

БЕЛГІЛІ ҮЛГІДЕГІ КЕМЕЛЕРДІҢ ПЕРСОНАЛЫН АРНАЙЫ ДАЯРЛАУҒА
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

V/1 ереже

Танкерлердің капитандарын, командалық және қатардағы құрам тұлғаларын даярлауға қойылатын ең аз міндетті талаптар

      1. Танкерлердегі жүкке немесе жүк жабдығына қатысты оларға ерекше міндеттер және жауапкершілік бекітілген командалық және қатардағы құрам тұлғалары VI/1 ережесімен талап етілетін даярлауға қосымша жағалауда өртке қарсы даярлаудың мақұлданған курсынан өтуі тиіс және мыналардан:
      .1 қауіпсіз пайдалану саласында жеткілікті білім алу үшін танкерлерде кемінде үш айлық мақұлданған жұмыс өтілінен; немесе
      .2 танкерлерде жұмыс істеу үшін мақұлданған танысу курсынан өтуі, ол кем дегенде ДДВА Кодексінің А-V/1 бөлімінде осы курс үшін келтірілген даярлау бағдарламасын қамтуы тиіс,
      бұл ретте, дегенмен, мынадай:
      .3 осылайша рұқсат етілген кезең кемінде бір айды құраған танкердің жалпы сыйымдылығы 3 000 кем;
      .5 осы кезең ішінде танкер орындайтын әрбір рейстің ұзақтығы 72 сағаттан аспаған; және
      .6 танкердің пайдаланымдық сипаттамалары, сондай-ақ осы кезең ішінде орындалған рейстер мен тиеу-түсіру операцияларының саны осында білім мен тәжірибе деңгейіне ие болуға мүмкіндік берген жағдайларда Әкімшілік жауапты тұлғаның қадағалауымен кемедегі жұмыс кезеңінің .1-тармақта нұсқалғаннан кем болуына жол береді.
      2. Капитандар, аға механиктер, капитанның аға көмекшілері, екінші механиктер мен жүкті тасымалдау немесе өңдеу уақытында тиеу, түсіру және сақтандыру шаралары үшін тікелей жауапты болатын кез келген тұлғалар 1.1.-1.2 тармақшаларының талаптарын орындауға қосымша:
      .1 олар жұмыс істейтін танкер жататын үлгідегі танкердегі олардың міндеттеріне сәйкес келетін тәжірибеге ие болуы; және
      .2 кемінде ДДВА Кодексінің А-V/1 бөлімінде баяндалған мәселелерді қамтитын, олар жұмыс істейтін мұнай танкеріндегі, химия өнімдерін немесе газ таситын танкерлердегі олардың міндеттеріне сәйкес келетін, мақұлданған мамандандырылған даярлау бағдарламасын орындауы тиіс.
      3. Егер теңізшілер алдыңғы бес жылдың кемінде бір жылында тиісті үлгідегі танкерде тиісті лауазымда жұмыс істесе Тарап үшін осы Конвенция күшіне енгеннен соң екі жыл ішінде теңізшілер 2.2 тармақшасының талаптарына жауап береді деп есептеуге болады.
      4. Әкімшілік 1 немесе 2-тармақтарға сәйкес біліктілігі бар капитандар мен командалық құрам тұлғаларына тиісті дипломды немесе қолданыстағы дипломның тиісті расталуын беруді қамтамасыз етуі тиіс. Осындай біліктілігі бар қатардағы құрамның әрбір тұлғасы тиісті тәсілмен дипломдалуы тиіс.

V/2 ереже

Ро-ро жолаушы кемелерінің капитандарын, командалық және қатардағы құрам тұлғаларын, сондай-ақ басқа да персоналын даярлауға және біліктілігіне қойылатын ең аз міндетті талаптар

      1. Осы ереже капитандарға, командалық және қатардағы құрам тұлғаларына, сондай-ақ халықаралық рейстер орындайтын ро-ро жолаушы кемелерінде жұмыс істейтін басқа да персоналға қолданылады. Осы талаптардың халықаралық рейстер орындамайтын ро-ро жолаушы кемелерінің персоналына қолданылуын Әкімшілік белгілейді.
      2. Оларға ро-ро жолаушы кемелерінде міндеттер орындау тапсырылғанға дейін теңізшілер олардың лауазымдарына, міндеттеріне және жауапкершілігіне сәйкес төмендегі 4-8-тармақтарда талап етілетін даярлаудан өтуі тиіс.
      3. Олардан төмендегі 4, 7 және 8-тармақтарға сәйкес даярлаудан өту талап етілетін теңізшілер бес жылдан аспайтын уақыт сайын біліктілігін арттырудың тиісті курстарынан өтуі тиіс.
      4. Капитандар, командалық құрам тұлғалары және авариялық жағдайда ро-ро кемелерінің жолаушыларына көмек көрсету үшін дабыл бойынша кестеге сәйкес тағайындалған басқа да персонал ДДВА Кодексі А-V/2 бөлімінің 1-тармағында көрсетілген ұйымдаспаған адамдар тобын басқару жөніндегі даярлаудан өтуі тиіс.
      5 Капитандар, командалық құрам тұлғалары және ро-ро жолаушы кемелерінде ерекше міндеттері мен жауапкершілігі бар басқа да персонал ДДВА Кодексі А-V/2 бөлімінің 2-тармағында көрсетілген таныстыру даярлығынан өтуі тиіс.
      6. Ро-ро жолаушы кемелерінің жолаушы үй-жайларындағы жолаушыларға тікелей қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персонал ДДВА Кодексі А-V/2 бөлімінің 3-тармағында көрсетілген қауіпсіздік мәселелері жөніндегі даярлаудан өтуі тиіс.
      7. Капитандар, капитанның аға көмекшілері, аға механиктер, екінші механиктер және жолаушыларды отырғызу мен түсіру, жүкті тиеу, түсіру не бекіту немесе ро-ро жолаушы кемелеріндегі саңылауларды жабу үшін тікелей жауапкершілік жүктелген әрбір тұлға жолаушылар мен жүк қауіпсіздігі, сондай-ақ ДДВА Кодексі А-V/2 бөлімінің 4-тармағында көрсетілген корпустың су өткізбеушілігі мәселелері жөніндегі мақұлданған даярлаудан өтуі тиіс.
      8. Капитандар, капитанның аға көмекшілері, аға механиктер, екінші механиктер және ро-ро жолаушы кемелеріндегі авариялық жағдайларда жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғалар ДДВА Кодексі А-V/2 бөлімінің 5-тармағында көрсетілген сыни жағдайларда басқару мен адамның іс-әрекетіне қатысты мақұлданған даярлаудан өтуі тиіс.
      9. Осы ереженің талаптарына сәйкес біліктілігі бар деп мойындалған әрбір тұлғаға Әкімшілік оның даярлаудан өткендігі туралы құжатта растаудың берілуін қамтамасыз етуі тиіс.

VI ТАРАУ

АВАРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРҒА, ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУҒА, МЕДИЦИНАЛЫҚ КҮТІМГЕ ЖӘНЕ АМАН ҚАЛУҒА ҚАТЫСТЫ ФУНКЦИЯЛАР

VI/I ереже

Барлық теңізшілерге арналған таныстыру,
алғашқы даярлау мен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі
нұсқау бойынша ең аз міндетті талаптар

      Теңізшілер ДДВА Кодексінің А-VI/1 бөліміне сәйкес танысудан және алғашқы даярлаудан немесе қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтан өтуі және осы бөлімде көрсетілген құзыреттілік стандартына жауап беруі тиіс.

VI/2 ереже

Құтқару қайықшалары мен салдардың,
кезекші қайықшалар мен шапшаң кезекші қайықшалардың
мамандарына диплом беруге қойылатын ең аз міндетті талаптар

      1. Құтқару қайықшалары мен салдардың және шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын кезекші қайықшалар маманының дипломын алуға әрбір үміткер:
      .1 18 жастан жас болмауы;
      .2 кемеде кемінде 12 ай мақұлданған жұмыс өтілі не мақұлданған даярлау курсынан етуі және кемеде кемінде алты ай мақұлданған жұмыс өтілі болуы; және
      .3 ДДВА Кодексі А-VІ/2 бөлімінің 1-4-тармақтарында баяндалған құтқару қайықшалары мен салдары және кезекші қайықшалар жөніндегі маманның дипломын алуға қойылатын құзыреттілік стандарттарына жауап беруі тиіс.
      2. Шапшаң кезекші қайықшалары жөніндегі маманның дипломын алуға әрбір үміткер:
      .1 құтқару қайықшалары мен салдары және шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын кезекші қайықшалар жөніндегі маманның дипломына ие болуы;
      .2 мақұлданған даярлау курсынан өтуі; және
      .3 ДДВА Кодексі А-VІ/2 бөлімінің 5-8-тармақтарында баяндалған шапшаң кезекші қайықшалар жөніндегі маманның дипломын алу үшін қойылатын құзыреттілік стандарттарына жауап беруі тиіс.

VI/3 ереже

Өртпен күресудің қазіргі заманғы әдістері
бойынша дайындыққа қойылатын ең аз міндетті талаптар

      1. Өртпен күрес жөніндегі операцияларды басқаруға тағайындалған теңізшілер ДДВА Кодексі А-VІ/3 бөлімінің ережелеріне сәйкес ұйымдастыруға, тактикаға және басқаруға ерекше назар аудара отырып, өртпен күрес әдістері жөніндегі кеңейтілген бағдарлама бойынша дайындықтан жемісті өтуі және осы бөлімде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына жауап беруі тиіс.
      2. Дипломды беруге қойылатын біліктілік талаптарына өртпен күресудің қазіргі заманғы әдістері бойынша дайындық енгізілмеген кезде 1 жағдайға байланысты арнайы диплом немесе құжаттай растау беріледі, оларда иесінің өртпен күресудің қазіргі заманғы әдістері бойынша дайындық курсынан өткендігі көрсетіледі.

VІ/4 ереже

Алғашқы медициналық көмек және медициналық күтім көрсетуге қатысты қойылатын ең аз міндетті талаптар

      1. Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсетуге тағайындалған теңізшілер ДДВА Кодексі А-VI/4 бөлімінің 1-3 тармақтарында көрсетілген алғашқы медициналық көмек көрсету саласындағы құзыреттілік стандарттарына жауап беруі тиіс.
      2. Кемеде медициналық күтім көрсету жөніндегі міндеттерді
орындауға тағайындалған теңізшілер ДДВА Кодексі А-VI/4 бөлімінің 4-6-тармақтарында көрсетілген кемеде медициналық күтім көрсету саласындағы құзыреттілік стандарттарына жауап беруі тиіс.
      3. Дипломды беруге қойылатын біліктілік талаптарына алғашқы медициналық көмек немесе медициналық күтім саласындағы дайындық енгізілмеген кезде жағдайға байланысты арнайы диплом немесе құжаттай растау беріледі, оларда иесінің медициналық көмек немесе медициналық күтім саласындағы дайындық курсынан өткендігі көрсетіледі.

VII ТАРАУ

БАЛАМА ДИПЛОМДАУ

VІІ/1 ереже

Балама дипломдар беру

      1. Осы Қосымшаға II және III тарауларда баяндалған дипломдауға қойылатын талаптарға қарамастан, мынадай:
      .1 дипломдар мен растауларда көрсетілуі тиіс өзара байланысты функциялар мен жауапкершілік деңгейлері ДДВА Кодексінің А-ІІ/1, А-ІІ/2, А-ІІ/3, А-ІІ/4, А-ІІІ/1, А-ІІІ/2, А-ІІІ/3, А-ІІІ/4 және А-ІV/2 бөлімдерінде келтірілгендердің ішінен таңдалған және соларға ұқсас болған;
      .2 үміткерлер мақұлданған оқыту мен даярлаудан еткен және дипломдар мен растауларда көрсетілуі тиіс функциялар мен деңгейлер үшін ДДВА Кодексінің тиісті бөлімдерінде нұсқалған және осы Кодекстің А-VІІ/І бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына жауап берген;
      .3 үміткерлер дипломда көрсетілуі тиіс функциялар мен деңгейлерге сәйкес келетін кемедегі мақұлданған жұмыс өтілінен өткен жағдайларда. Кемедегі ең аз жұмыс өтілі осы Қосымшаға II және III тарауларда нұсқалған кемедегі жұмыс өтіліне барабар болуы тиіс. Дегенмен кемедегі ең аз жұмыс өтілі ДДВА Кодексінің А-VII/2 бөлімінде нұсқалғаннан кем болмауы тиіс;
      .4 кеме жүргізу функциясын пайдалану деңгейінде орындауы тиіс, диплом алуға үміткерлер Радиобайланыс регламентіне сәйкес радио қызмет жөніндегі белгіленген міндеттерді орындау үшін IV тарау ережелерінің қолданылатын талаптарына жауап беруі тиіс; және
      .5 дипломдар І/9 ереженің талаптарына және ДДВА Кодексінің VII тарауында баяндалған ережелерге сәйкес берілген жағдайларда Тараптар осы тараулардың ережелерінде аталғандардан өзге дипломдар беруге немесе беруге уәкілеттендіруге артықшылық беруі мүмкін.
      2. Егер Тарап IV бапқа және І/7 ережеге сәйкес Ұйымға ақпарат ұсынбаса, диплом осы тараудың негізінде берілмеуі тиіс.

VII/2 ереже

Теңізшілерді дипломдау

      1. ДДВА Кодексі ІІ тарауының А-ІІ/1, А-ІІ/2, А-ІІ/3 немесе А-ІІ/4 кестелерінде немесе III тарауының А-ІІІ/1, А-ІІІ/2, А-ІІІ/4 немесе IV тарауының А-IV/2 кестелерінде көрсетілген қандай да болмасын функцияны немесе функциялар тобын орындайтын әрбір теңізшінің тиісті дипломы болуы тиіс.

VII/3 ереже

Балама дипломдар беруді белгілейтін қағидаттар

      1. Балама дипломдар беруге немесе беруге уәкілеттендіруге артықшылық беретін кез келген Тарап мынадай қағидаттардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс:
      .1 дипломдаудың ешқандай да балама жүйесі, егер ол теңіздегі қауіпсіздіктің ең кем дегенде басқа тарауларда көзделген дәрежесін қамтамасыз етпесе және ластанудың алдын алу бөлігінде тиімділік бермесе, қолданылмауы тиіс; және
      .2 осы тараудың негізінде балама дипломдар беру жөніндегі кез келген шаралар осындай дипломдардың және басқа тараулардың негізінде берілетін дипломдардың өзара ауыстырымдылығын көздеуі тиіс.
      2. 1-тармақта аталған өзара ауыстырымдылық қағидаты:
      .1 II және/немесе ІІІ тараулардың негізінде дипломдар алған теңізшілер мен VII тараудың негізінде дипломдар алған теңізшілердің кеме қызметін ұйымдастырудың дәстүрлі не өзге нысандарына ие кемелерде жұмыс істеуге қабілетті болуын;
      .2 теңізшілер кемедегі арнайы іс-әрекеттерге дайындықтан, өздерінің дағдыларын басқа орындарда пайдалану қабілетін нашарлататындай әдіспен өтпеуін қамтамасыз етуі тиіс.
      3. Осы тараудың ережелері негізінде кез келген дипломды беру кезінде мынадай қағидаттар назарға алынуы тиіс:
      .1 балама дипломдар беру өз кезегінде:
      .1 кемедегі экипаж мүшелерінің санын қысқарту
      .2 кәсіптік тұтастығын бұзу немесе теңізшілердің біліктілігін төмендету, немесе
      .3 кез келген нақты вахта уақытында қандай да болмасын бір дипломның иесіне вахталық механик пен капитанның вахталық көмекшісінің біріктірілген міндеттерінің жүктелуін ақтау үшін қолданылмауы тиіс; және
      .2 басқаруды жүзеге асыратын тұлға капитан ретінде тағайындалуы тиіс; балама дипломдау жөніндегі кез келген шараны қолдану капитанның  және басқа тұлғалардың заңды жағдайы мен өкілеттіктеріне теріс әсер етпеуі тиіс.
      4. Осы ереженің 1 және 2-тармақтарында қамтылған қағидаттар палубалық та, машиналық та команданың командалық құрам тұлғаларының құзыреттілігін қолдауды қамтамасыз етуі тиіс.

VIII ТАРАУ

ВАХТА ЖҰМЫСЫН АТҚАРУ

VІІІ/І ереже

Міндеттерді орындауға жарамдылық

      Әрбір Әкімшілік шаршаудың алдын алу мақсатында:
      .1 вахта жұмысын атқаратын персонал үшін демалу кезеңдерін белгілеуі және сақталуын қамтамасыз етуі; және
      .2 вахтаны ұйымдастыру бүкіл вахталық персоналдың шаршағаны вахта жұмысын атқару тиімділігіне әсер етпейтіндей болуын және рейске шығу кезіндегі бірінші вахтаның және кейіннен ауысатын вахталардың жеке құрамы жеткілікті демалуын және вахта жұмысын атқаруға барлық басқа жағынан дайын болуын талап етуі тиіс.

VIII/2 ереже

Вахта жұмысын атқаруды ұйымдастыру және оның қағидаттары

      1. Әкімшілік ДДВА Кодексінде баяндалған талаптарға, қағидаттар мен басшылыққа компаниялардың, капитандардың, аға механиктер мен бүкіл вахталық персоналдың назарын аударуы тиіс, олар барлық теңіз кемелерінде басым жағдайлар мен шарттарға сәйкес келетін қауіпсіз вахта немесе вахталар жұмысын үздіксіз атқаруды қамтамасыз ету үшін сақталуы тиіс.
      2. Әкімшілік басым жағдайлар мен шарттарды назарға ала отырып, әрбір кеме капитанынан вахтаны ұйымдастырудың қауіпсіз вахта немесе вахталар жұмысын атқару талаптарына сәйкес келуін және капитанның жалпы басшылығымен:
      .1 жүру кезінде навигациялық вахта жұмысын атқаратын капитанның вахталық көмекшілерінің, олар вахтаны атқарған, жүру көпіршесінде немесе штурман рубкасы немесе көпіршедегі басқару посты сияқты онымен тікелей байланысты орында ұдайы болуы тиіс кезең барысында кеменің қауіпсіз жүзуіне жауапты болуын;
      .2 радио операторларының өз кезекшілігі кезінде тиісті жиіліктерде радиовахтаны үздіксіз атқаруына жауап беруін.
      .3 ДДВА Кодексінде белгіленгендей, аға механиктің басшылығымен вахталық механиктердің шақыру бойынша машиналық үй-жайға келуге ұдайы дайын болуын және егер қажет болса, өз кезекшілігі кезінде осы үй-жайларда болуын; және
      .4 кеме зәкірде немесе айлақта тұрғанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тиісті және тиімді вахтаны немесе вахталарды ұдайы қамтамасыз етуді, және егер кеме қауіпті жүктерді тасымалдаса, осындай вахта немесе вахталар қауіпті жүктің сипатын, санын, буып-түйілуін және орналасуын, кемеде, теңізде немесе жағалауда басым болатын кез келген ерекше жағдайларды толық ескеретіндей етіп ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді талап етуі тиіс.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ
ҚОРЫТЫНДЫ АКТІСІНЕ 1-ҚОСЫМША

1-ҚАРАР

ТЕҢІЗШІЛЕРДІ ДАЯРЛАУ МЕН ДИПЛОМДАУ ЖӘНЕ ВАХТА ЖҰМЫСЫН АТҚАРУ ТУРАЛЫ 1978 ЖЫЛҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯҒА
ҚОСЫМШАҒА ТҮЗЕТУЛЕРДІ МАҚҰЛДАУ

      Конференция,
      Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы Халықаралық конвенцияның (бұдан әрі "Конвенция" деп аталатын) Тараптар Конференциясын шақыру арқылы Конвенцияға түзетулер енгізу рәсіміне қатысты XII 1) b) бабына СІЛТЕМЕ ЖАСАЙ ОТЫРЫП,
      Конвенцияға қолданыстағы Қосымша мәтінін ауыстыру мақсатында Ұйым Мүшелеріне және Конвенцияның барлық Тараптарына ұсынылған және таратылған Конвенцияға Қосымшаға түзетулерді ҚАРАП,
      1. Конвенцияның XII 1) b) іі) бабына сәйкес осы қарарға қосымшада мәтіні берілген Конвенцияға Қосымшаға түзетулерді МАҚҰЛДАЙДЫ;
      2. Конвенцияның XII 1) а) vіі) 2 бабына сәйкес осы қарарға қоса берілген түзетулер 1996 жылғы 1 тамызға дейін қабылданған болып есептеледі деп ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, егер осы күнге дейін Конвенция Тараптарының үштен бірінен артығы немесе жалпы сауда флоты, сыйымдылығы 100 тіркемелік тонна және одан артық әлемдік сауда флоты кемелерінің жалпы сыйымдылығының кемінде 50 пайызын құрайтын Тараптар, олардың осы түзетулерге қарсы екендігі туралы Бас хатшыға мәлімдемесе;
      3. Конвенцияның XII 1) а) іх) бабына сәйкес осы қарарға қоса берілген түзетулер, жоғарыдағы 2-тармаққа сәйкес олар қабылданған болып есептелгеннен кейін, 1997 жылғы 1 ақпанда күшіне енетіндігін назарға алуды ҰСЫНАДЫ.
      Түпнұсқалары Халықаралық теңіз ұйымына тапсырылған, Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы Халықаралық конвенцияға Қосымшаға түзетулердің және Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы Халықаралық конвенциясы Тараптарының тиісінше түзетулерді мақұлдауы және ДДВА Кодексін мақұлдауы туралы Конференциясының 1995 жылғы 7 шілдеде қабылданған 1 және 2-қарарларымен бірге ДДВА Кодексінің орыс тіліндегі мәтінінің КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН КӨШІРМЕСІ.

      Халықаралық теңіз ұйымының Бас хатшысы үшін:

      Лондон,

      1996 жылғы 8 ақпан

      Осымен, берілген мәтіннің Лондонда 1995 жылғы 7 шілдеде қабылданған Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы Халықаралық конвенцияға Қосымшаға түзетулердің куәландырылған көшірмесінен дұрыс көшірме болып табылатындығын куәландырамын.

       Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігінің
      Халықаралық құқықтық департаменті
      Басқармасының бастығы                             Ж. Бұқпантаев

      Осы қазақ тіліндегі мәтін 1995 жылғы 7 шілдеде Лондон қаласында қабылданған Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы халықаралық конвенцияға қосымшаға түзетулердің куәландырылған көшірмесінің мәтініне дәлме-дәл болып табылатындығын куәландырамын.

       Құжаттамалық қамтамасыз ету
      және ұйымдастыру-бақылау жұмысы
      департаментінің директоры                         Ү.Құсайынова