Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Бағдарламаның орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы ақпаратты жылына екі рет, жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы жиынтық ақпаратты жыл сайын жылдың қорытындылары бойынша 30 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 2 желтоқсандағы
N 1126 қаулысымен
бекітілген
2009-2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы
Астана қ., 2008 жыл
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің қазіргі
жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі
5.1. Бағдарламаға қатысушылар
5.2. Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру аймақтары
5.3. Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыруды ынталандыру
5.3.1. Қоныстандыру
5.3.2. Әлеуметтік қолдау
5.3.3. Тұрғын үймен қамтамасыз ету
5.4. Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз
ету
5.5. Бағдарламаға қатысушыларды көшіруді және бейімдеуді
ұйымдастыру
5.5.1. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы
5.5.2. Қоныс аударуды және алғашқы бейімдеуді ұйымдастыру
5.6. Бағдарламаның іске асырылуын басқару
5.7. Бағдарламаны нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
7. Күтілетін нәтижелер
8. 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын іске
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Бағдарламаның атауы 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш"
бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)
Әзірлеу үшін негіздеме Бағдарлама Қазақстан Республикасы
Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы N
399 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасы көші-қон саясатының 2007 -
2015 жылдарға арналған тұжырымдамасына;
Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық даму
стратегиясына және Қазақстан
Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10
шілдедегі N 1149 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ауылдық
аумақтарын дамытудың 2004 - 2010
жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес әзірленді
Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Мақсаты Этникалық көшіп келушілерді; Қазақстан
Республикасының аумағында еңбек қызметін
жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның
бұрынғы азаматтарын; еліміздің қолайсыз
аудандарында тұратын Қазақстан
азаматтарын ұтымды қоныстандыру және
олардың жайғасуына жәрдемдесу
Міндеттері Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін
мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
Бағдарламаға қатысушыларды экономиканың
еңбек ресурстарына және серпінді
жобаларды іске асыруға деген
қажеттіліктеріне сәйкес қоныстандыруды
ынталандыру;
Бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік
қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеу және
іске асыру;
тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй
сатып алуға кредит беру жолымен
Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен
қамтамасыз ету;
Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты
жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
көші-қон процестерін реттеудің
нормативтік құқықтық базасын жетілдіру
Іске асыру мерзімі 2009-2011 жылдар
Қаржыландыру көлемі Бағдарламаны қаржыландыру республикалық
мен көздері және жергілікті бюджеттер қаражатының,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
көздердің есебінен және шегінде жүзеге
асырылатын болады.
2009 - 2011 жылдары Бағдарламаны іске
асыруға барлығы 197 795,6 млн. теңге,
оның ішінде қосымша 118 073,7 млн.
теңге:
республикалық бюджеттен:
2009 жылы — 17 421,5 млн. теңге;
2010 жылы - 85 397,3 млн. теңге, оның
ішінде қосымша 53 338,1 млн. теңге;
2011 жылы — 76 737,7 млн. теңге, оның
ішінде қосымша 54 580,1 млн. теңге;
жергілікті бюджеттерден:
2009 жылы - 25,8 млн. теңге;
2010 жылы - 5 208,9 млн. теңге, оның
ішінде қосымша 5 208,9 млн. теңге;
2011 жылы - 4 946,6 млн. теңге, оның
ішінде қосымша 4 946,6 млн. теңге;
басқа көздерден:
2009 жылы - 7 207,2* млн. теңге;
2010 жылы — 850,6 млн. теңге талап
етіледі.
* - Қазақстан Республикасындағы тұрғын
үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде 2008 жылы пилоттық жобаларды
іске асыруға "Сарыарқа", "Ертіс" және
"Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациялар есебінен, олардың жарғылық
капиталына аударылған 6 356,6 млн.
теңге.
Бағдарламаны 2010 - 2011 жылдары іске
асыру шығыстары тиісті қаржылық
кезеңдерге арналған республикалық бюджет
туралы заңда нақтыланатын болады
Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асыру:
этникалық, ішкі және сыртқы көші-қон
процестерін реттеуге және оны өңірлердің
әлеуметтік-экономикалық даму мүддесіне
бағындыруға;
этникалық және ішкі көшіп-қонушылардың
басым бөлігінің өмір сүру сапасын
арттыруға;
бұрын Қазақстаннан кеткен жоғары білікті
мамандардың қайта оралуын ынталандыруға;
көшіп-қонушылардың бейімделу және кірігу
қиындықтарымен, жұмыссыздықпен және
бытырап көшіп-қонумен байланысты
әлеуметтік қатерлердің туындауының алдын
алуға;
ұлттық шоғырлану процестерінің одан әрі
дамуын, әлеуметтік тұрақтылық пен
келісімнің нығаюын, демографиялық
ахуалдың жақсаруын қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.21. N 561 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы да тәуелсіздік жылдары әлемдік көші-қон процестерінің белсенді қатысушысына айналды.
1991 жылдан бері Қазақстан Республикасы 706 мыңнан астам этникалық қазақты қабылдады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көші-қон процестерін реттеу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне жатады.
2007 жылы Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды (Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы N 399 Жарлығы ).
Бағдарламаның құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, " Халықтың көші-қоны туралы " Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы , Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2007 жылғы 28 тамыздағы N 399 , "Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы" 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы) және "Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 10 шілдедегі N 1149 Жарлықтары құрайды.
3. Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің қазіргі жай-күйін талдау
Қазіргі таңдағы көші-қон жағдайында мынадай үрдістер байқалады.
ТМД елдері шеңберіндегі негізгі көші-қон ағыны Ресей, Украина және Орта Азия елдерімен; алыс шет елдердің арасында - Германиямен байланысты болып отыр.
ТМД елдерімен (Ресей Федерациясын, Беларусь Республикасы мен Украинаны қоспағанда) оң көші-қон сальдосы сақталуда. Көші-қон шығыны да қысқарып келеді: ол Ресей Федерациясымен 1999 - 2007 жылдар арасында - 3 есеге; Белоруссиямен - 6 есеге, Украинамен - 7 есеге төмендеді.
Алайда 2007 жылы:
алдыңғы жылмен салыстырғанда, көші-қонның оң сальдосы үш еседен астам (11 мың адам) қысқарған;
көшіп кету көбейген - 42,4 мың адам Қазақстаннан шетелге кеткен, бұл 2006 жылғыдан 20%-ға артық. Бұл ретте көшіп кетушілердің негізгі бөлігі (71%) - еңбек жасындағы адамдар;
көшіп келу азайған - Қазақстанға 53,4 мың адам келген, бұл алдыңғы жылғы деңгейден 20,0%-ға төмен. Негізгі шығу елдері: Өзбекстан (көшіп-қонушылардың 47 %), Ресей (20 % астам) және Қытай (11%).
1993 жылдан бастап этникалық көшіп-қонушылардың қоныс аударуы көшіп келу квотасын белгілеумен реттеледі. Соңғы жылдары (2005 -2008 жылдар) оралмандардың көшіп келу квотасы жыл сайын 15 мың отбасын құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2009 жылдан бастап оралмандардың көшіп келу квотасы жылына 20 мың отбасына дейін көбейетін болады.
Келген оралмандардың жартысынан астамы - еңбек жасындағы адамдар (54 %), 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі - 41% және шамамен 5% - зейнеткерлер.
Білім деңгейі бойынша: 33,1 мың адамның (9,2 %) жоғары білімі, 5,2 мыңнан астам адамның (1,4 %) аяқталмаған жоғары білімі бар. Әрбір бесінші адамның - орта арнаулы, 233,7 мың адамның (65 %) - жалпы орта білімі және шамамен 14 мың адамның (3,9 %) білімі жоқ.
Мемлекет оралмандарға қажетті әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта біржолғы жәрдемақыны, тұрғын үй алуға берілетін қаражатты, жол ақысы және жүк тасымалдау шығыстарының өтеміне берілетін қаржыны ескергенде, орта есеппен 5 адамнан тұратын әрбір отбасына 833 мың теңге қаражат бөлінеді.
Елімізде 14 оралмандарды уақытша орналастыру орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) жұмыс істейді. 2008 жылдан бастап Қарағанды, Шымкент қалаларында және Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылында оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары жұмыс істей бастады. Ақтау қаласында үлгі бейімдеу орталығының құрылысы басталды.
Орталықтарда іске асырылатын бейімдеу бағдарламалары құқықтық мәселелер бойынша консультация беруді, мемлекеттік тілді, оралманның қалауы бойынша - орыс тілін оқытуды, кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды көздейді.
Оралмандардың барлығының медициналық қызметке, білім алуына және әлеуметтік қамсыздандырылуына қол жетімділігі қамтамасыз етілген; олар жұмыспен қамтуда жәрдемдесу шаралары қолданылатын нысаналы топтардың біріне жатады. Еңбек жасындағы оралмандардың 66 % астамы өндірістің түрлі салаларында жұмыспен қамтылған; әрбір төртіншісі ауыл шаруашылығымен айналысады.
Оралмандарға көмек көрсету үшін облыстық әкімдіктердің жанынан Оралмандар кеңесі құрылған, олар оралмандардың жаңа өмір жағдайындағы проблемаларын зерттеумен және шешумен айналысады.
"Оралман" дерекқоры құрылып жетілдірілуде, ол кейіннен әлеуметтік саланың бірыңғай ақпараттық жүйесіне кіріктірілетін болады, бұл этникалық көшіп келушілерге әлеуметтік қызметтердің толық тізбесін жедел көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта республикада этникалық көшіп келушілердің тұрғын үй мәселесін шешу жөніндегі жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында Өзбекстан Республикасынан шамамен 2 мың этникалық көшіп келушілер отбасын көшіру жөніндегі жоба іске асырылуда. Қоныс аударушылардың өздерін құрылысқа тарту және жергілікті құрылыс материалдарын пайдаланудың негізінде, олардың бірыңғайласып тұруын ұйымдастыру үшін 2 мың коттедждің құрылысы жүріп жатыр. Алматы қаласында 185 үйді тұрғызу жөніндегі "Байбесік" жобасы іске асырылуда; Астана қаласының Сарыарқа ауданында "Нұрбесік" шағын ауданы құрылысының жобасы әзірленді.
Жергілікті еңбек нарықтарындағы білікті кадрлардың тапшылығы жағдайында шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан экономикасы қажеттіліктерін қамтамасыз етудің қажетті шартына айналды. 2007 жылы қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдарда 104 елден 58,8 мың шетелдік маманның еңбегі пайдаланылды.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін әкелуге арналған квотаны белгілейді және оның сақталуын бақылайды, шетелдік мамандарды кейіннен жергілікті кадрлармен ауыстыру саясатын жүргізеді.
2008 жылы республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға республиканың экономикалық белсенді халқына шаққанда 1,6 пайыз мөлшерінде квота белгіленген болатын.
Жоғары білікті мамандарды басым тарту мақсатында жаңа Квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары мен тәртібі әзірленіп, 2008 жылдың маусымынан бастап қолданысқа енгізілді, онда шетелдік қызметкерлердің біліктілік сипаттамаларын баллдық бағалау енгізілді, негізгі құрамдас бөліктер бойынша (білімі, жұмыс стажы, еңбек нарығында кәсіпке (мамандыққа) деген сұраныс) өлшемдер белгіленді.
Соңғы уақытта ішкі көші-қон процесі жанданды.
1991 - 2007 жылдары облысаралық және облыс ішіндегі көші-қон процестеріне 4,7 млн. астам адам қатысты. 2006 - 2007 жылдардың қорытындысы бойынша көші-қонның кері сальдосы, Қарағанды және Маңғыстау облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан басқа, республика облыстарының барлығында орын алған.
Қазіргі уақытта ішкі көшіп-қонушылардың саны жылына 300,0 мың адам деңгейінде тұрақтады. Көшіп-қонушылардың басым бөлігі - ауыл тұрғындары.
Қабылданған шаралар мен белгілі бір оң қадамдарға қарамастан, көші-қон процестерін реттеуде бірқатар елеулі проблемалар сақталуда.
Көші-қонның оң сальдосы төмендеуде. Бұл орайда, көші-қон шығыны, әсіресе білікті мамандардың арасындағы шығын ерекше алаңдаушылық туғызады. Мысалы, соңғы 3 жылда жоғары білімді адамдар бойынша кері көші-қон сальдосы 4,7 мың адамды құрады.
Шетелдік инвесторлар жергілікті персоналды кәсіби даярлау және шетелдік мамандарды солармен алмастыру жөніндегі ерекше шарттарды жеткілікті дәрежеде орындамай отыр.
Ішкі көшіп-қонушылардың бытыраңқы түрде көшіп қонуы әлеуметтік шиеленіс туғызып, ішкі еңбек нарығы үйлесімін қиындатуда.
Этникалық көшіп келушілерді өңірлер бойынша қоныстандыру, өндірістік күштердің аумақтық орналасуы ескерілмей, әркелкі жүргізілуде, қайталама көші-қон да орын алуда. Оралмандардың басым бөлігі еңбек күші артық өңірлерде - Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарында тұрады, ал солтүстік өңірлер керісінше, еңбек ресурстарына тапшылықты сезінуде.
Оралмандарды әлеуметтік қолдау жүйесі қосымша жетілдіруді талап етеді. Әлеуметтік төлемдердің негізгі бөлігі тұрғын үймен қолдауға және көші-қон квотасына енгізілген отбасылардың көшуіне бағытталады. Тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігі де бүгінгі күннің талабына сәйкес келмейді, осының салдарынан оралман отбасылардың шамамен жартысының тұрғын үйі жоқ.
Көші-қон мәселелерін шешумен айналысатын мемлекеттік басқару органдарының іс-қимылдарын үйлестіру және оны ұйымдастырудың кешенді тәсілі жоқ.
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша еңбек жасындағы этникалық көшіп келушілердің үштен бірі еңбек қызметімен қамтылмаған.
Шет елдердегі қазақ диаспорасы өкілдерінің арасында имидждік және ақпараттық-насихат жұмысының тиімділігі төмен.
Оралмандар кәсіптік білім алу, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орналастыруда да қиындықтарға тап болып отыр.
Міне, мұның бәрі осы көші-қон Бағдарламасын әзірлеуге себеп болды.
Бағдарламаның негізгі бағыттарын айқындауда, көшіп-қонушыларды қабылдауды, қоныстандыруды және бейімдеуді ұйымдастыру; көші-қон процестерін өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесінде пайдалану бөлігінде этникалық көші-қонды реттеудің халықаралық тәжірибесі (Израиль, Германия) пайдаланылды.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты өңірлерді демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамыту және Бағдарламаға қатысушылардың әлеуетін іске асыру мүддесімен этникалық көшіп келушілерді, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын және еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуы мен кірігуіне жәрдемдесу болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
Бағдарламаға қатысушыларды экономиканың еңбек ресурстарына және серпінді жобаларды іске асыруға деген қажеттіліктерге сәйкес қоныстануын ынталандыру;
Бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік қолдау мәселелерін кешенді шешуді көздейтін жаңа тетіктерді әзірлеу және іске асыру;
тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй сатып алуға кредит беру жолымен Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету;
Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
көші-қон процестерін басқарудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру болып табылады.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі
Бағдарламаға қатысушылар:
1) этникалық көшіп келушілер;
2) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтары;
3) елдің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
5.2. Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру аймақтары
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сәйкес Солтүстік, Оңтүстік және Орталық аумақтық даму осьтері Бағдарламаға қатысушылардың негізгі орналастыру макроаймақтары болып табылатын болады. Бағдарламаға қатысушыларды макроаймақтардың ішінде қоныстандыру:
а) ұлттық және өңірлік деңгейдегі көшбасшы және тірек қалалардың айналасында. Өзіне тән экономикалық мамандануы мен дамыған жергілікті еңбек нарығы бар шағын серіктес қалалар желісін қалыптастыру қарастырылады. Есеп бойынша көшбасшы және тірек қалаларда 45 серпінді жобаны іске асыру үшін кемінде 390 мың қызметкер қажет болады;
ә) шекараға іргелес елді мекендерде:
халықтың санын тұрақтандыру үшін;
шекараға іргелес ірі өңірлердің әкімшілік маңызын арттыру үшін және көршілес мемлекеттердің еңбек күші артық өңірлерінің тарапынан демографиялық қысымның (бытыраңқы сыртқы көші-қон) алдын алу үшін жүзеге асырылатын болады;
б) даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде.
Бұл елді мекендердің әлеуеттік сыйымдылығы Солтүстік аумақтық даму осі бойынша - 342,2 мың адамды, Оңтүстік ось бойынша - 898,6 мың адамды, Орталық ось бойынша - 77,7 мың адамды құрайды.
5.3. Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыруды ынталандыру
Қатысу туралы шешім, тұратын жерін және қоныстандыру аймақтарында жұмыс таңдау ерікті негізде қабылданатын болады.
Бұл ретте Бағдарламаға қатысушылардың санын айқындау және оларды даму аймақтары бойынша қоныстандыру, өндірістік күштердің аумақтық орналасуы және экономиканың еңбек ресурстарына қажеттілігі ескеріліп, елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиялық жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаға қатысу:
этникалық көшіп келушілер үшін - оралмандардың жыл сайынғы көшіп келу квотасы шеңберінде;
Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтары үшін - Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған жыл сайынғы квота шеңберінде;
еліміздің қолайсыз аумақтарында тұратын Қазақстан азаматтары үшін - ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аударуына арналған квота негізінде айқындалатын болады.
Бағдарламаға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелері Бағдарламаға қатысушылардың санаты мен қоныстандыру аймақтары бойынша сараланған әлеуметтік қолдау құқығына ие болады.
Әлеуметтік қолдау:
1) этникалық көшіп келушілер үшін:
экономиканың белгілі бір секторында тиісті білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі бар оралмандарды көшіп келу квотасына басымдықпен енгізуді;
бейімдеу қызметтерін тегін көрсетуді (республикалық бюджет қаражаты есебінен);
қоныстандыру осьтері бойынша сараланған біржолғы жәрдемақы төлемін, жол ақысы мен жүк тасымалдау шығыстарын өтеуді (республикалық бюджет қаражаты есебінен) қамтитын болады.
Біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау үшін түзету коэффициенттері белгіленетін болады (Солтүстік осі макроаймақтары үшін - 2,0; Орталық - 1,0; Оңтүстік - 1,7);
2) еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтары үшін:
кәсіптік даярлау және қайта даярлауды (жергілікті бюджет қаражаты есебінен);
3) Қазақстанның бұрынғы азаматтары үшін:
тұрақты тұруға рұқсат беруді және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуын қамтитын болады.
Бағдарламаға қатысушылардың бәріне тұрғын үймен қамтамасыз етудің тең шарттары көзделеді.
5.3.3. Тұрғын үймен қамтамасыз ету
Ескерту. 5.3.3-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.21. N 561 Қаулысымен.
Бағдарламаға қатысушылардың барлығын тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделеді. Бұл ретте тұрғын үй қоры тұрғын үйді қалпына келтіру, салу және сатып алу есебінен, ал Астана және Алматы қалаларында тұрғын үйді жалдау есебінен қалыптасатын болады.
Жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі ескірген тұрғын үйді қалпына келтіру республикалық бюджеттен бөлінетін біржолғы жәрдемақылар есебінен ішінара; тұрғын үйді сатып алу, оның құрылысы - республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредит қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ҚТҚЖБ" АҚ) Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру жөніндегі қаржылық агент ретінде болады; тұрғын үйді жалдау Бағдарламаға қатысушылардың, жергілікті бюджет қаражатынан және жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруы негізінде төленетін болады.
2009 - 2011 жылдар кезеңінде Бағдарламаға қатысушы 23,2 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделеді.
Қоныс аударушылардың бірыңғай тұруына арналған құрылыстарға ерекше мән беріледі. Кемінде үш жүз отбасы тұратын 11 бірыңғай қоныс салу жоспарлануда.
Бұл ретте оралмандардың тікелей қатысуымен үлгі қоныстар салу тәжірибесі қолданылатын болады (Шымкент қ. "Асар", Алматы қ. "Байбесік" шағын аудандары). Құрылыстың бұл түрінің артықшылығы құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құнының темен болуын және оралмандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуде.
Бағдарламаға қатысуға берілген өтінімдердің және Бағдарламаға қатысушылардың құрамын айқындау негізінде жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен жылдық 1%-бен бюджеттік кредит беріледі.
Жергілікті атқарушы органдар "ҚТҚЖБ" АҚ-мен Бағдарламаға қатысушыларға жылдық 4%-бен (оның ішінде 3% - банктің операциялық шығыстарының өтемақысы) қарыз беру жөніндегі агенттік қызметтерді орындауға тапсырма шарт жасасады және бюджеттік кредит сомасын банкке аударады.
Сонымен бір мезгілде, жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй құрылысына тапсырыс беруші өкілеттігін ӘКК-ге жүктейтін болады.
"ҚТҚЖБ" АҚ, Бағдарламаға қатысушылар және ӘКК шарт жасасады, оған сәйкес:
Бағдарламаға қатысушы банкке тұрғын үй құрылыс жинағы ретінде алғашқы жарнаны енгізеді (қарыз сомасының 5 %) және 5,5 жыл ішінде (қарызды беру мерзімі) қарыз бойынша пайыздарды өтеуге әрі "ҚТҚЖБ" АҚ-да тұрғын үйді сатып алуға қарыз алу үшін қажетті соманы жинақтауға өзіне міндеттеме алады;
"ҚТҚЖБ" АҚ - Бағдарламаға қатысушыға берілген қарыз сомасын тапсырыс берушінің (ӘКК) шотына аударады;
ӘКК құрылыс салушыны тарта отырып, тұрғын үй салуды қамтамасыз етеді.
Қоныстандыру аймақтарында 300 отбасыдан кем орналастырылған және Бағдарлама қатысушылар үшін тұрғын үй құрылысы ӘКК-нің қатысуынсыз жүргізілген жағдайда, жергілікті атқарушы органдары құрылысшы компанияларды тарту арқылы Бағдарламаның іске асырылуын дербес қамтамасыз етеді.
Тұрғын үйді сатып алуға қарыз алу үшін қажетті соманы "ҚТҚЖБ" АҚ-да жинақтағаннан кейін, Бағдарламаға қатысушы тұрғын үй кепілімен, банктен жылдық 4,5 %-бен он жыл мерзімге тұрғын үй қарызын алады. Алынған тұрғын үй қарызы тұрғын үйді сатып алуға (тұрғын үй құрылысына) және бюджеттік кредитті өтеуге пайдаланылады.
Бұдан кейінгі жылдары (10 жылдан асырмай) Бағдарламаға қатысушы банктің тұрғын үй қарыздарын өтейді. Тұрғын үй құрылысына немесе сатып алуға кредит беру кезінде шартқа қатысушылар:
Бағдарламаға қатысушылардың қарызды мақсатты пайдалануын жергілікті атқарушы органдардың алдында растауы;
Бағдарламаға қатысушылардың қарыз шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуы жөнінде жергілікті атқарушы органдардың тұрақты мониторинг жүргізуі;
"ҚТҚЖБ" АҚ Бағдарламаға қатысушыларға берілген қарызға есеп жүргізуі, басқаруы және мониторинг жүргізуі сияқты шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
Жергілікті атқарушы органдар қаражат көздейді және магистральдық инфрақұрылым объектілерінің құрылысын, салынатын объектілер бойынша Бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді және тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін жер учаскелерін бөлуді жүзеге асырады.
2009 жылы осы Бағдарлама шеңберінде 2008 жылы "Сарыарқа", "Ертіс" және "Оңтүстік" ӘКК-тың жарғылық капиталына аударылған қаражат есебінен Бағдарламаға қатысушылар қатарынан 1051 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделетін пилоттық жобалар Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында және Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының "Асар" шағын ауданында іске асырылатын болады.
Бірыңғайласып тұру сияқты, жалпы тұруы жағдайында да, тұрғын үймен жайғастыру үшін тиісті әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық құрылым қажет болады.
Балабақшалар, "100 мектеп және 100 аурухана" салу бағдарламасы шеңберінде тұтастай республика бойынша 23 балабақша, 9 мектеп салынатын болады. Бірыңғайласып тұру жағдайын қамтамасыз ету үшін 334 км. жол төселіп, 385,1 км. су құбыры желісі, 7 су қабылдау стансасы, 299,1 км. электр желісі мен 2 қазандық іске қосылатын болады.
Жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жұмыс берушілер Бағдарламаға қатысушыларды және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын белгілей алады.
Бағдарламаға қатысушылар алғашқы қоныстану орындарында кемінде үш жыл тұрақты тұруға міндетті. Қоныстану аймағынан белгіленген мерзімнен бұрын кеткен жағдайда, Бағдарламаға қатысушылар алған өтемақы қаражатын толық көлемде қайтаруға тиіс.
5.4. Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
Стратегиялық бағдарламаларды және өндірістік күштерді аумақтық орналастыру жоспарларын ескере отырып Бағдарламаға қатысушыларды түрлі салаларда - өнеркәсіпте, құрылыста, ауыл шаруашылығында, азаматтық қызметте (білім беру, денсаулық сақтау, басқару, әлеуметтік қызмет көрсету) жұмыспен қамту көзделеді. Бұл ретте жұмыспен қамтудың түрлі нысандары: жалдамалы еңбек, шағын және орта бизнеске қатысу пайдаланылатын болады.
Бағдарламаға қатысушылардың тиісті білім, біліктілік деңгейі мен экономиканың белгілі бір секторындағы жұмыс тәжірибесі болуы керек, ал қажет болған кезде жергілікті атқарушы орган ұйымдастыратын оқуға және қайта оқуға дайын болуға тиіс. Бағдарламаға қатысушылар өзінің жеке кәсібін ашуға ниетті болған жағдайда, олардың тиісті машығы мен тәжірибесі, бизнеспен айналысу үшін қажетті белгілі бір қаражаты болуы керек. Шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру үшін ӘКК кредит береді және өзге де жәрдем көрсетеді.
Есеп бойынша Бағдарламаны іске асыру барысында тұтас ел бойынша 150 мың адам жұмыспен қамтылатын болады, оның ішінде үштен екісі экономиканың нақты секторларында - өнеркәсіпте, құрылыс пен ауыл шаруашылығында жұмыспен айналысатын болады.
Солтүстік аумақтық даму осіне қатысты макроаймақтарда, бұл өңірлерде тамақ қауіпсіздігіне байланысты жобалардың іске асырылуына байланысты, жұмыспен қамтудың басым саласы ретінде ауыл шаруашылығы өндірісі жоспарланады.
Қоныстандырудың Орталық осі аудандарында жұмыспен қамтуды ауыл шаруашылығы өндірісінде, сондай-ақ құрылыста қамтамасыз ету жоспарлануда.
Қоныстандырудың Оңтүстік осі аудандарында Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі мұнай-газ және тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетін болады.
5.5. Бағдарламаға қатысушыларды көшіруді және бейімдеуді ұйымдастыру
5.5.1. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы
Бағдарламаға қатысушылардың қоныстандыру аймақтарында қоныстануын және бейімделуін жылдамдату мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен бағдарлық анықтама материалдарын әзірлейтін болады.
Бағдарлық анықтама материалдары Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларымен, ішкі және сыртқы саясатпен, республиканың қол жеткізген табыстарымен және жетістіктерімен, халықтың өмір сүру деңгейімен таныстыруға бағытталған. Олар Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, қоныс аудару шарттары туралы, Бағдарламаға қатысушылардың міндеттері мен құқықтары туралы, өңірлік еңбек нарықтарындағы жұмыс күшіне сұраныстың жай-күйі мен құрылымы туралы, тұрғын үй мәселесін шешу мүмкіндіктері туралы ақпаратты қамтитын болады.
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары:
шетелде - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, халықаралық ұйымдар арқылы (ақпараттық материалдар тарату, кездесулер, әңгімелесулер, мәдени алмасуды ұйымдастыру және тағы басқалар);
елдің ішінде — мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдар арқылы (бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалану негізінде хабардар ету, консультация беру, кездесулер) іске асырылатын болады.
Сондай-ақ, Бағдарламаны іске асырудың барысы мен нәтижелерін БАҚ-ты пайдалана отырып кеңінен жариялау қарастырылады.
5.5.2. Қоныс аударуды және алғашқы бейімдеуді ұйымдастыру
Шетелде тұратын, сондай-ақ елдің қолайсыз аудандарында тұратын Бағдарламаға қатысушыларды көшіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың тікелей қатысуымен жүзеге асырады.
Осыған байланысты:
1) уәкілетті органға:
қоныс аударудың тәртібін, Бағдарламаға қатысушыларға көрсетілетін бейімдеу қызметтерінің тізбесін және көлемін айқындауды;
Бағдарламаға қатысу туралы қорытынды беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруды және қызметін үйлестіруді;
Бағдарламаны дайындауға және іске асыруға бизнес және өзге де қоғамдық бірлестіктер өкілдерін тартуды;
көшірудің ұйымдастырылуын және алғашқы бейімдеу жөніндегі қызметтердің көрсетілуін бақылауды;
Бағдарламаға қатысушыларға көшуге және қоныстануға жәрдемдесудің өңірлік бағдарламаларының іске асырылуын бақылауды;
2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне:
ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына қоныс аудару мәселелері жөнінде консультациялар беруді;
Бағдарламаға қатысу туралы өтініш білдірген азаматтардың есебін жүргізуді (өтініштер мен Бағдарламаға қатысушы мәртебесін алуға қажетті өзге де құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді және уәкілетті органға жіберуді);
уәкілетті органның оң қорытындысы болған кезде, Бағдарламаға қатысушыларды көшіруге қажетті құжаттарды ресімдеуді;
Бағдарламаға қатысушыларға виза ресімдеуге (қажет болған кезде) жәрдемдесуді;
қоныс аудару уақытын белгілеуді;
Бағдарламаға қатысушыларды тіркеуді және оларға белгіленген үлгідегі куәліктер тапсыруды;
3) жергілікті атқарушы органдарға Бағдарламаға қатысушыларды көшіруге және қоныстандыруға жәрдем көрсетудің өңірлік бағдарламаларын әзірлеуді және іске асыруды жүктеу болжанады, онда:
қоныстандыру аймақтарындағы еңбек нарығында жұмыс күшіне деген қажеттілік;
қатысушылардың саны;
қоныс аударушыларды қабылдау және қоныстандыру аймақтарында жайғастыру, оларға тұрғын үй беру шарттары;
әлеуметтік, инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылымды құру (дамыту) жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
қаржыландыру көздері;
бейімдеу қызметтерін көрсету;
ақпараттық-түсіндіру жұмысы қарастырылады.
Жергілікті атқарушы органдар:
Бағдарламаға қатысу және қоныстандыру аймағына өз еркімен көшу туралы өтініш білдірген азаматтардың есебін жүргізеді;
өтініштерді және Бағдарламаға қатысушы мәртебесін алуға қажетті басқа да құжаттарды қабылдайды, оларды тіркейді және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жібереді;
уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінен оң қорытынды болған жағдайда, қоныс аударуға және Бағдарламаға қатысушы мәртебесін алуға қажетті құжаттарды ресімдейді;
Бағдарламаға қатысушыны тіркейді және оған белгіленген үлгідегі куәлікті тапсырады;
қоныстандыру мерзімін белгілейді;
Бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етеді;
алғашқы қоныстандыруды ұйымдастырады.
5.6. Бағдарламаның іске асырылуын басқару
Уәкілетті орган Бағдарламаны үйлестіруші болып табылады.
Бағдарламаны орындаушылар орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар болып табылады.
Бағдарламаны басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында бірыңғай орталықтандырылған ақпараттық деректер банкі қалыптастырылады. Онда Бағдарламаға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелері туралы қоныстандырудың әр сатысындағы (өтініш беру, мемлекеттік шекарадан өту, қоныстандыру аумағына келу, жұмысқа орналасу, уақытша тұруға рұқсат алу, тұру рұқсатын алу, азаматтық алу), сондай-ақ оларға әлеуметтік қолдау көрсетілгені туралы ақпарат шоғырландырылады.
Бағдарламаны іске асыру барысының мониторингі үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ведомствоаралық комиссия құрылады.
5.7. Бағдарламаны нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
Көші-қон процестерін реттеудегі және әлеуметтік қолдау көрсетудегі жаңа қадамдар тиісінше нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді талап етеді.
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына өзгерістер енгізілетін болады.
Бағдарламаға қатысушылардың санын анықтауды заңнамалық тұрғыдан бекіту үшін оралмандарға арналған көшіп келу квотасын; шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын қалыптастыру тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына және "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына этникалық көшіп келушілердің, сондай-ақ шетелде тұратын және шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған жыл сайынғы квота шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген, Қазақстанның бұрынғы азаматтарының келу және азаматтық алу рәсімін жеңілдетуге байланысты өзгерістер енгізілетін болады.
Көшіп-қонушыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің және оларға әлеуметтік қолдау көрсетудің жаңа тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй, кеден, әлеуметтік және көші-қон салаларын реттейтін заңнамасына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізуді талап етеді.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің, уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Бағдарламаның жұмысты ұйымдастыру жөніндегі ережелерін іске асыру көші-қон процестерін басқару жүйесінде институционалдық өзгерістерді талап етеді.
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.21. N 561 Қаулысымен.
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің қаражаты есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.
2009 - 2011 жылдары Бағдарламаны іске асыруға барлығы 197 795,6 млн. теңге талап етіледі, оның ішінде қосымша 118 073,3 млн. теңге:
республикалық бюджеттен:
2009 жылы - 17 421,5 млн. теңге;
2010 жылы - 85 397,3 млн. теңге, оның ішінде қосымша 53 338,1 млн. теңге;
2011 жылы - 76 737,7 млн. теңге, оның ішінде қосымша 54 580,1 млн. теңге;
жергілікті бюджеттерден:
2009 жылы - 25,8 млн. теңге;
2010 жылы - 5 208,9 млн. теңге, оның ішінде қосымша 5 208,9 млн. теңге;
2011 жылы - 4 946,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 4 946,6 млн. теңге;
басқа көздерден:
2009 жылы - 7 207,2* млн. теңге;
* - Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2008 жылы пилоттық жобаларды іске асыруға "Сарыарқа", "Ертіс" және "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар есебінен, олардың жарғылық капиталына аударылған 6 356,6 млн. теңге.
2010 жылы - 850,6 млн. теңге талап етіледі.
Бағдарламаны 2010 - 2011 жылдары іске асыру шығыстары тиісті қаржылық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда нақтыланатын болады.
Бағдарламаны іске асыруға арналған республикалық бюджет қаражатының нысаналы жұмсалуы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру жолымен қамтамасыз етіледі.
Бағдарламаны іске асыру:
этникалық, ішкі және сыртқы көші-қон процестерін реттеуге және оны өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесіне бағындыруға мүмкіндік береді;
этникалық көшіп келушілердің және ішкі көшіп-қонушылардың едәуір бөлігінің өмір сүру сапасының артуына қол жеткізіледі;
Қазақстаннан кеткен әртүрлі ұлт азаматтарының елге қайта оралуын ынталандыратын болады;
көшіп-қонушылардың бейімделу және кірігу қиындықтарына, жұмыссыздыққа және бытырап көшіп-қонуға байланысты туындауы ықтимал әлеуметтік қатерлердің алдын алады;
ұлттық шоғырлану процестерінің одан әрі дамуын, әлеуметтік тұрақтылық пен келісімнің нығаюын, демографиялық ахуалдың жақсаруын қамтамасыз етеді.
8. 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш"
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.21. N 561, 2009.11.10 N 1803 Қаулыларымен.
Р/с |
Іс-шара |
Аяқталу |
Орындауға |
Орындау |
Болжамды |
Қаржыландыру |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Бағдарламаны іске асыруды құқықтық қамтамасыз ету |
||||||
1. |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-кон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, ЭБЖМ, АШМ |
2009 жылғы |
Талап етілмейді |
- |
2. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің: "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері" туралы 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136; |
Қазақстан Республикасы |
Еңбекмині (жинақтау), ІІМ |
2009 жылғы III тоқсан |
Талап етілмейді |
- |
3. |
Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелерінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті және олардың аумақтық органдары қызметкерлерінің санын көбейту жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының |
Еңбекмині (жинақтау), СІМ, ЭБЖМ |
2009 жылғы |
Талап етілмейді |
- |
4. |
Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының |
Еңбекмині (жинақтау), СІМ, ІІМ, ЭБЖМ, Қаржымині, АШМ |
2009 жылғы |
Талап етілмейді |
- |
5. |
Бағдарлама шеңберінде Тұрғын үйді іске асыру ережесін әзірлеу |
Қазақстан Республикасы |
Еңбекмині (жинақтау), Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ |
2009 жылғы |
Талап етілмейді |
- |
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары |
||||||
6. |
Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асыру жөнінде ведомствоаралық комиссия құру |
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы |
Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2009 жылғы |
Талап етілмейді |
- |
7. |
Бағдарламаға қатысушыларды көшіруге және қоныстандыруға жәрдемдесудің |
Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері |
облыс әкімдері |
2009 жылғы қаңтар |
Талап етілмейді |
- |
8. |
Мыналарды: |
Қазақстан Республикасының |
Еңбекмині (жинақтау), |
2009 жылғы |
Талап етілмейді |
- |
9. |
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылы жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу |
Әдістемелік ұсынымдар |
Еңбекмині |
2009 жылғы |
Талап етілмейді |
- |
10. |
Бағдарламаны іске асырумен айналысатын мемлекеттік органдардың мамандарын оқытуды ұйымдастыру |
Семинарлар |
Еңбекмині |
2009 жылғы |
2009 ж. - 0,9 |
Республикалық |
11. |
Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөнінде шет елдердің қазақ диаспорасы ұйымдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру |
Кездесулер, |
СІМ, Еңбекмині |
тұрақты |
Талап етілмейді |
- |
12. |
Шетелде тұратын Бағдарламаға қатысушыларға консулдық көмек көрсету |
Консулдық |
СІМ |
тұрақты |
Талап етілмейді |
- |
13. |
Бағдарламаға қатысушылардың есебін қамтамасыз ететін бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру |
Бірыңғай автоматтандырылған |
Еңбекмині |
2009 жыл |
2009 ж. - 10,0 |
Республикалық |
14. |
Бағдарламаны іске асыру туралы мемлекеттік органдар есептерінің нысандарын әзірлеу |
Еңбекминінің |
Еңбекмині |
2009 жылғы ақпан |
Талап етілмейді |
|
15. |
Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үймен қамтамасыз етуге тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы жеңілдетілген ипотекалық кредиттер беру |
Еңбекминіне |
облыс әкімдері, ҚІжТКША |
2011-2012 жылдар, |
2010 ж. |
Республикалық |
16. |
Оралмандарға әлеуметтік көмек көрсету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині |
2010-2012 жылдар, |
2009 ж. - 17 408,5 |
Республикалық |
17. |
Бағдарламаға қатысушылар орналастырылатын аймақтарда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині (жинақтау), |
2010-2012 жылдар, |
2009 ж. |
Республикалық |
18. |
Бағдарламаға қатысушылар орналастырылатын аймақтарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту |
Еңбекминіне ақпарат |
облыс әкімдері, ҚІжТКША |
2011-2012 жылдар, |
2010 ж. |
Республикалық Бюджет |
18-1. |
Пилоттық жобаларды Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылында Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының "Асар" шағын ауданында іске асыру: |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині (жинақтау), Ақмола облысы, ШҚО, ОҚО әкімдері, "Сарыарқа", "Ертіс", "Оңтүстік" ӘКК (келісім бойынша) |
2010 жылғы |
||
- тұрғын үйлер салу; |
Еңбекминіне ақпарат |
Ақмола облысы, ШҚО, ОҚО әкімдері, "Сарыарқа", "Ертіс" "Оңтүстік" ӘКК (келісім бойынша) |
2009 жылғы желтоқсан |
2009 ж. - 5084,7 |
"Сарыарқа", "Ертіс", "Оңтүстік" ӘКК (келісім бойынша) |
|
- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту |
Еңбекминіне ақпарат |
Ақмола облысы, ШҚО, ОҚО әкімдері, "Сарыарқа", "Ертіс" "Оңтүстік" ӘКК (келісім бойынша) |
2009 жылғы желтоқсан |
2009 ж. - 1271,9 |
"Сарыарқа","Ертіс", "Оңтүстік" ӘКК (келісім бойынша) |
|
19. |
Шымкент қ. "Асар" пилоттық жобасын іске асыру: |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині |
2010-2012 жылдар, |
|
|
тұрғын үй құрылысы |
Еңбекминіне ақпарат |
ОҚО әкімі, ҚІжТКША |
2010-2012 жылдар, |
2010 ж. |
Республикалық |
|
білім беру мекемелерін салу |
Еңбекминіне ақпарат |
БҒМ |
2010-2012 жылдар, |
2010 ж. |
Республикалық |
|
денсаулық сақтау мекемелерін салу |
Еңбекминіне ақпарат |
ДСМ |
2010-2012 жылдар, |
2010 ж. |
Республикалық |
|
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту |
Еңбекминіне ақпарат |
ОҚО әкімі, ҚІжТКША |
2010-2011 жылдар, |
2010 ж. |
Республикалық |
|
тәртіп сақтау тірек пункті мен байланыс бөлімшесін салу |
Еңбекминіне ақпарат |
ОҚО әкімі |
2010 жылғы |
2009 ж. - 25,8 |
Жергілікті бюджет |
|
жылыжай шаруашылығын дамыту |
Еңбекминіне ақпарат |
ОҚО әкімі, "Оңтүстік" ӘКК (келісім бойынша) |
2010 жылғы |
2009 ж. - 850,6 |
"Самұрық- |
|
20. |
Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтуға бағытталған бизнес-жобаларды іске асыруға жәрдемдесу |
Еңбекминіне ақпарат |
Облыс әкімдері, ӘКК |
2010-2011 жылдар, |
2010 ж. |
Республикалық |
Ақпараттық сүйемелдеу |
||||||
21. |
Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бағдарлық анықтама материалдарын дайындау |
Материалдар, БАҚ жарияланымдары, |
Еңбекмині (жинақтау), |
тұрақты |
2009 ж. - 2,0 |
Республикалық |
22. |
Бағдарламаны іске асыруға қатысты қоғамдық пікірді зерделеу жөнінде социологиялық зерттеулер жүргізу |
Социологиялық |
Еңбекмині |
2010 жыл |
2010 ж. |
Республикалық |
Республикалық және 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде
жергілікті бюджеттердің қосымша 124 430,3* млн. теңге
барлық қаражаты:
оның ішінде: 2009 жылы - 17 421,5;
республикалық бюджет: 2010 жылы - 85 397,3 млн. теңге, оның
ішінде қосымша 53 338,1 млн. теңге*;
2011 жылы - 76 737,7 млн. теңге, оның
ішінде қосымша 54 580,1 млн. теңге*
жергілікті бюджет: 2009 жылы - 25,8 млн. теңге;
2010 жылы - 5 208,9 млн. теңге, оның
ішінде қосымша 5 208,9 млн. теңге*;
2011 жылы - 4 946,6 млн. теңге, оның
ішінде қосымша 4 946,6 млн. теңге*
басқа көздерден 2009 жылы - 7 207,2**;
("Самұрық-Қазына" 2010 жылы - 850,6 млн. теңге.
ҰӘҚ" АҚ, ӘКК):
* Бағдарламаны 2010 - 2011 жылдары іске асыру шығыстары тиісті қаржылық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда нақтыланатын болады.
** - Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2008 жылы пилоттық жобаларды іске асыруға "Сарыарқа", "Ертіс" және "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар есебінен, олардың жарғылық капиталына аударылған 6 356,6 млн. теңге.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат
қоры" АҚ
ӘКК - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары