Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынандай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 487-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасын қоспағанда, осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымында көзделген әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру, құқығын берсін;
1-2) осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қайта ұйымдастыруды жүргізген сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін және өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдарды хабардар етсін;
1-3) осы қаулымен бекітілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларында атқарушы органдарының ішкі бақылау қызметін құруды штат саны лимиттерінің шегінде қамтамасыз етсін;";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі
құрылымында
:
1) "Облыстық әкімдік" деген
1-бөлімде
:
5-тармақ алынып тасталсын;
16-тармақ алынып тасталсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Экономика және қаржы басқармасы";
2) "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі" деген
2-бөлімде
:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жастар саясаты мәселелері басқармасы (Алматы қаласы)";
15-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"15. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу";
17-тармақ алынып тасталсын;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Экономика және қаржы басқармасы";
3) "Ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі" деген
3-бөлімде
:
13-тармақ алынып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Экономика және қаржы бөлімі";
2) "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат)
1-қосымшаның
кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
Өңірлер |
Барлығы, штат саны
|
Облыстың,
|
1 |
2 |
3 |
Ақмола |
3305 |
4 |
Ақтөбе |
2485 |
4 |
Алматы |
3714 |
4 |
Атырау |
1583 |
5 |
Шығыс Қазақстан |
4035 |
4 |
Жамбыл |
2620 |
4 |
Батыс Қазақстан |
2320 |
4 |
Қарағанды |
3423 |
4 |
Қостанай |
3538 |
4 |
Қызылорда |
1799 |
5 |
Маңғыстау |
1159 |
4 |
Павлодар |
2910 |
4 |
Солтүстік Қазақстан |
2803 |
4 |
Оңтүстік Қазақстан |
3944 |
5 |
Алматы қаласы |
1421 |
5 |
Астана қаласы |
931 |
5 |
ЖИЫНЫ: |
41990 |
69 |
2. Орталық атқарушы органдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне осы қаулымен бекітілген үлгі құрылымға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген басқармалардың ұсынылатын құрылымдарын жіберсін.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов