"Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы N 1096 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - қоғам) басқарма төрағасы Азамат Байқуанышұлы Батырғажиннің өкілеттігін тоқтатуды;
      2) Ғабыллатып Тұрғанбайұлы Мырзақұловты қоғамның президенті етіп сайлауды қамтамасыз етсін.
      2. "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы N 964 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов