Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 1078 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтағы "Әлихан Асханұлы Смайыловты "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп" деген сөздер "Асылжан Сарыбайұлы Мамытбековті "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамында:

"Смайылов                 - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
Әлихан Асханұлы             қоғамының басқарма төрағасы

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Мамытбеков               - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
Асылжан Сарыбайұлы          қоғамының басқарма төрағасы

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов