Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 қарашадағы N 1074 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші" деген бағандағы "2713 11 000 0" деген сандар "2713 20 000 0" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Тауардың қысқаша атауы*" деген бағандағы "Кокс және мұнай битумы" деген сөздер "Мұнай битумы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесіне 1-қосымшада:
      "СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші" деген бағандағы "2713 11 000 0" деген сандар "2713 20 000 0" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Тауардың қысқаша атауы*" деген бағандағы "Кокс және мұнай битумы" деген сөздер "Мұнай битумы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов