"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықаралық жүзуге шығатын кемелерді техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын DET NORSKE VERITAS AS (DNV) сыныптау қоғамы танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыны орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағына сәйкес Халықаралық теңіз ұйымының (ІМО) Бас хатшысын белгіленген тәртіппен DET NORSKE VERITAS AS (DNV) сыныптау қоғамын Қазақстан Республикасы тануы туралы хабардар етсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов