Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 1251 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 қарашадағы N 1050 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 1251 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 48, 619-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының тізбесінде:
      "3. Өнеркәсіптік объектілер" деген бөлімде "2004 жылғы 27 ақпандағы N 239" деген сөздер "2007 жылғы 8 қыркүйектегі N 781" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов