Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1047 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1140 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 31, 387-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Бұрханов                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Камал Низамұлы               Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Черкасов                   - Қазақстан Республикасы Президентінің
Юрий Петрович                Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі
                             меңгерушісінің орынбасары (келісім
                             бойынша)

Калюжный                   - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық
Вячеслав Афанасьевич         орталықтың басшысы (келісім бойынша)

Дәненов                    - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Нұрлан Жұмағалиұлы           министрінің орынбасары

Мыңбай                     - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Дархан Қамзабекұлы           ақпарат вице-министрі

Рахымжанов                 - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Әмірхан Мұратбекұлы

Әбдәкімов                  - Қазақстан Республикасы Әділет
Әбдіжаппар Әбдәкімұлы        министрлігі "Діни мәселелер жөніндегі
                             ғылыми-зерттеу және талдау орталығы"
                             мемлекеттік мекемесінің директоры

      мына:

"Тоғжанов                  - Қазақстан Республикасы Әділет
Ералы Лұқпанұлы              министрлігі Діни істер комитетінің
                             төрағасы, төрайымның орынбасары"     

"Досжан                    - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ардақ Дүкенбайұлы            Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің
                             меңгерушісі"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Тоғжанов                  - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының
Ералы Лұқпанұлы              орынбасары - Қазақстан Республикасы
                             Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы
                             Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі
                             (келісім бойынша)"

"Досжан                    - Қазақстан Республикасы Әділет
Ардақ Дүкенбайұлы            министрлігі Діни істер комитетінің
                             төрағасы, төрайымның орынбасары"

      көрсетілген құрамнан Аманшаев Ермек Әмірханұлы, Әлиев Жұматай Әлиұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы, Байқадамов Болат Кенжекешұлы, Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы, Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы, Нысанбаев Әбдімәлік Нысанбайұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов