Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220
Жарлығын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 518-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ны басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
үшінші абзац "құрамына" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары," деген сөздермен толықтырылсын;
2) "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 7 қарашадағы
N 1024 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1287 қаулысына
қосымша
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар
кеңесінің құрамы
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы орынбасары, төраға
Мамытбеков - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Асылжан Сарыбайұлы Кеңсесі Басшысының орынбасары
Жәмішев - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Күрішбаев - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Ақылбек Қажығұлұлы министрі
Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Смайылов - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
Әлихан Асханұлы қоғамының басқарма төрағасы
Джеймс Пенни - Darwin Strategy Consulting Ltd басқарушы
директоры, Лондон, тәуелсіз директор
Розинов - "Иволга-Холдинг" ЖШС бас директоры,
Василий Самойлович тәуелсіз директор
Тілеубаев - "Қазақстанның астық одағы" заңды тұлғалар
Нұрлан Сақтапбергенұлы бірлестігінің президенті, тәуелсіз
директор