"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының
8-бабына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімі бекітілсін.
2. "Орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы N 1127
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 42, 471-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінде:
реттік нөмірі 18-жол алып тасталсын.
3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 3 қарашадағы
N 1005 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Тізілімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.16. N 526 Қаулысымен.
Концессияға берілуі мүмкін объектілердің
техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу
үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімі
Р/с N |
Атауы |
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары |
1 |
"Алматы - Өскемен" автомобиль жолының "Алматы - Қапшағай" учаскесін салу (қайта жаңарту) және пайдалану |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
2 |
"Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы" автомобиль жолының "Астана - Қарағанды" учаскесін қайта жаңарту және пайдалану |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
3 |
"Үлкен Алматылық орамды автомобиль жолы" (ҮАОАЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
4 |
"Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістермен Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Шымкент - Тараз - Қорғас" автомобиль жолының "Алматы - Қорғас" учаскесін қайта жаңарту және пайдалану |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
5 |
Астана қаласының жаңа көлік жүйесі |
Астана қаласының әкімдігі |
6 |
"Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістермен бірге Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Қорғасқа" автомобиль жолының "Ташкент - Шымкент - Жамбыл облысының шекарасы" учаскесін қайта жаңарту |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
7 |
"Зияткерлік-көлік жүйесін (ЗКЖ) енгізу және Көкшетау қаласы арқылы Астана - Петропавл автомобиль жолының "Астана - Щучье" учаскесін пайдалану |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |