Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 984 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 48, 546-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
      Исағалиев           - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      Асқар Қалидолдаұлы    министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес
                            және есірткі айналымын бақылау
                            комитетінің төрағасы, төрағаның
                            орынбасары
                            енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Сабуров Дәлелхан Қамалбекұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов