Орман қоры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 983 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақмола облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Бұланды ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) орман қоры жерінен алаңы 0,7 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Ақмола облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін шунттаушы реактор салуға "Макинск" кіші станциясын кеңейту үшін "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания "KEGOC" (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамына (бұдан әрі - акционерлік қоғам) беруді қамтамасыз етсін.
      3. Акционерлік қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 24 қазандағы    
N 983 қаулысына       
қосымша            

   Орман қоры жерлерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс,
қорғаныс және басқа да ауылшаруашылық мақсаттағы емес жерлер
  санатына ауыстырылатын Ақмола облысы Табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бұланды ормандар мен
   жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі
                  жерлерінің экспликациясы        

р/с N Жер пайдаланушының атауы Жалпы көлемі, гектар Оның ішінде:
орман
көмкерген
егістік жайылым шабындық құмдар басқа жерлер

1.

Бұланды ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

0,7

0,38




0,32