Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың
2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1155-1
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
"ЭҮ базалық инфрақұрылымын дамыту және қол жеткізу тетіктері" деген 3-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 6-жолдың "Болжамды шығыстары (мың теңге)" "89898" деген сандар "565065" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
ІІ "Шығындар" бөлімінде:
01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында:
09 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер" ішкі функциясында:
603 "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі" әкімшісі бойынша:
112 "Электрондық үкімет құру" бағдарламасында:
108 "Қазақстан Республикасы ұлттық біріздендіру жүйесінің ашық кілттер инфрақұрылымын жасау" кіші бағдарламасындағы "839913" деген сандар "364746" деген сандармен ауыстырылсын;
109 "Электрондық үкіметтің" инфрақұрылымын қорғау жүйесін құру" кіші бағдарламасындағы "89898" деген сандар "565065" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында:
603 "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі" әкімшісі бойынша:
112 "Электрондық үкімет құру" бағдарламасында:
108 "Қазақстан Республикасы ұлттық біріздендіру жүйесінің ашық кілттер инфрақұрылымын жасау" кіші бағдарламасындағы "839913" деген сандар "364746" деген сандармен ауыстырылсын;
109 "Электрондық үкіметтің" инфрақұрылымын қорғау жүйесін құру" кіші бағдарламасындағы "89898" деген сандар "565065" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов