Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 931 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 қазандағы N 924 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 235 Қаулысымен.

Күшін жойған

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ішкі бақылау қызметтерін құру рұқсат етілетін мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 931 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 33, 446-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі бақылау қызметтерін құру рұқсат етілетін мемлекеттік органдардың тізбесінде:
      реттік саны 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов