Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық авиация саласындағы кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 4, 53-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызметтерін сертификаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1019
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 486-құжат);
2) "Азаматтық авиация саласындағы қызметтерді сертификаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1187
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 563-құжат);
3) "Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді сертификаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1275
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 611-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов