Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 829 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессия үлгі шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1326 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартта:
1-тармақтағы "және билік ету" деген сөздер алынып тасталсын;
14, 16, 17, 18, 37, 44, 45, 46, 47, 58 және 59-тармақтардағы "Үлгі" деген сөздер алынып тасталсын;
16-тармақта:
7) тармақшадағы "міндеттемелерді" деген сөзден кейін "орындамаған немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы "құқығы бар" деген сөздер "құқылы" деген сөзбен ауыстырылсын;
18-тармақтың 10) тармақшасындағы "құқығы бар" деген сөздер "құқылы" деген сөзбен ауыстырылсын;
19-тармақта:
1) тармақшадағы "күшімен" деген сөзден кейінгі "Үлгі" деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1) және 19-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"19-1) "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы несиелік шот ашуға;
19-2) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылатын қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге;
"Объектіні пайдалану" деген 6-бөлімде:
40-тармақтағы "Үлгі шарттың 41-тармағына сәйкес көрсетілген іс-әрекеттерді Концедент жүзеге асырған жағдайды қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:
"40-1. Концессионер қолданыстағы заңнамаға сәйкес концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін көрсетеді.";
41 және 42-тармақтар алынып тасталсын;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Концессия объектілері кепілдік мәні болып әрекет ете алмайды.";
"Концессионердің Концедентке объектіні беру тәртібі" деген 7-бөлім мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:
"49-1. Мемлекеттік меншікке концессия объектілерін қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.";
"Концеденттің Үлгі шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі" деген 8-бөлім мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:
"52-1. Бақылаудың негізгі бағыттары:
1) концессия объектілерінің бейінін пайдалану мен сақтаудың тиімділігі;
2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) көлемін арттыру және сапасын жақсарту;
3) өзіндік құнын төмендету және қызметтің кіріс бөлігін арттыру;
4) шартта анықталған барлық талаптар мен тәртіптерді сақтау;
5) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау болып табылады.";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) мемлекеттік меншік объектісін концессияға беру жөніндегі үлгі шартта:
"Негізгі ұғымдар мен анықтамалар" деген бөлім алынып тасталсын;
"Шарттың орындалуына кепілдіктер" деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Концессионер қолданыстағы заңнамаға сәйкес концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін көрсетеді.";
"Тараптардың құқықтары мен міндеттері" деген 5-бөлімде:
13-тармақтың 8) тармақшасындағы "құқығы бар" деген сөздер "құқылы" деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақтың 9) тармақшасындағы "құқығы бар" деген сөздер "құқылы" деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"13-1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін көрсету;
13-2) "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы несиелік шот ашуға;
13-3) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылатын қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге;
13-4) объектінің және/немесе мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну тәуекелін көтеруге
____________________________________________________________________
(күнтізбелік күндермен анықталған кезең немесе Тараптар олардың
____________________________________________________________________
басталуымен көрсетілген кезеңде міндеттемелердің туындауын
____________________________________________________________________
байланыстыратын оқиғаны көрсетумен - керегі көрсетілсін);";
"Концеденттің Шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі" деген 6-бөлім мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Бақылаудың негізгі бағыттары:
1) концессия объектілерінің бейінін пайдалану мен сақтаудың тиімділігі;
2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) көлемін арттыру және сапасын жақсарту;
3) өзіндік құнын төмендету және қызметтің кіріс бөлігін арттыру;
4) шартта анықталған барлық талаптар мен тәртіптерді сақтау;
5) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау болып табылады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов