Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1155-1
қаулысына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
"Электрондық үкіметті" дамытудың нормативтік құқықтық базасын қамтамасыз ету" деген 6-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 5-жолдың "Орындалу мерзімі" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"2009 жылғы желтоқсан".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов