Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесінде:
"Атауы" деген бағанда:
реттік нөмірі 86-жолдағы "жоспарлауға, бейіндеуге," деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 91-жолдағы "пішен шалғылары және" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 248-жолдағы "Физикалық немесе химиялық талдауға құралдар мен аппаратура (мысалы, поляриметрлер, рефрактометрлер, спектрометрлер, газ немесе түтін талдауыштар) арналған медицинада пайдалануға арналмаған;" деген сөздер "Медицинада пайдалануға арналмаған: физикалық немесе химиялық талдауға арналған құралдар мен аппаратура (мысалы, поляриметрлер, рефрактометрлер, спектрометрлер, газ немесе түтін талдауыштар);" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша тауардың коды" деген бағанда:
"ЕурАзЭҚ" деген сөз "ҚР" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 8-жолдағы "6804" деген сандар "6804-тен" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 63-жолдағы "8418 61 000 9" деген сандар "8418 69 000" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 102-жолдағы "8443 13 310 0-ден" деген сөздер "8443 13-тен" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 166-жолдағы "8504 40 840 9-дан, 8504 40 880 9" деген сөздер "8504 40 900-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 221-жолдағы "8802 11 000 0, 8802 12 000 0, 8802 20 000 0, 8802 30 000 0," деген сандар "8802 11 000 0-ден, 8802 12 000 0-ден, 8802 20 000 0-ден, 8802 30 000 0-ден," деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов