Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі N 879 Қаулысы

Жаңартылған

       Қолданушылар назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақта:
      үшінші, төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "туристік қызмет саласындағы өңіраралық және салааралық үйлестіруді, оның ішінде облыстар (республикалық маңызы бар қала,  астана) әкімдіктерінің туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіру, туристік қызмет саласындағы меншік нысанына қарамастан отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдар мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасу;
      туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;";
      жетінші абзац "қорытады" деген сөзден кейін ", оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді" деген сөздермен толықтырылсын;
      он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;";
      жиырма үшінші абзац алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесін бекітеді;
      туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерін бекітеді;
      туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін және туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру ережелерін бекітеді;
      техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, туристік қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметті реттейді;
      туризмді және туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын кешенді талдауды, болжамдауды жүзеге асырады және туристік саланы дамытудың жай-күйіне мониторинг жүргізеді;
      туристік саланы дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға және құрметті атақтарын беруге ұсынады;
      дербес құрамды және туризм жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлейді және бекіту үшін ұсынады;";
      отызыншы абзац алып тасталсын;
      15-тармақта:
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "туризмді және туристік индустрияны дамытудың стратегиясын, мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламаларын іске асыру;";
      бесінші абзац алып тасталсын;
      тоғызыншы абзац "пен мемлекет ішінде" деген сөздерден кейін ", оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелерді және жәрмеңкелерді өткізу жолымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      "заңнамаға сәйкес сотқа талап-арыздар беру;
      туристік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаны қолдану;
      туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін және туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерді лицензиялау бөлігінде туристік қызметті лицензиялау ережелерін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды орындау, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүддесін білдіру және олардың жұмысына қатысу;
      туристік нарықты зерттеуге, туристік қызмет саласындағы баспалық, жарнамалық және картографиялық өнімге мемлекеттік тапсырысты орналастыру.";
      3) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.25 № 1670 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. 2009 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) және 3) тармақшаларын қоспағанда, осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің      
      2008 жылғы 23 қыркүйектегі
N 879 қаулысына   
қосымша       

Қызметкерлердің саны және болуы туралы құжат

_______________________________
(өтініш берушінің атауы)
 

Р/с

N

Тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігініңнөмірі және берілген күні

Лауазымы

Жұмыс өтілі, оның ішінде туризм саласында

Нотариалды куәландырылған құжатты растайтын көшірменің қосымшасы бар білімі туралы дипломы, куәлігі және басқа да құжаттары бойынша білігі (мамандығы)

Мамандығы бойынша  санаты, разряды, сыныбы

1 2 3 4 5 6


                М.О.                           Басшының қолы