Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы N 803 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі N 850 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы N 803 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 29, 255-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесінде:
      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов