Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы 16-1-жолмен толықтырылсын:
"16-1. "Нұрсат" акционерлік қоғамы 1,4 %";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген бөлімде:
реттік нөмірі 7-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов