Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы N 347 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 қыркүйектегі N 826 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

Күшін жойған

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы N 347 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      Михаэль Ноймайр - тәуелсіз директор;
      Марк Лоранс Хольцман - тәуелсіз директор;
      Ульф Вокурка - тәуелсіз директор.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов