Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қыркүйектегі N 819 Қаулысы

Қолданыстағы

       Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Жасыл аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орман қоры жерлерінен алаңы 0,14 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылық мақсаттағы емес жерлерінің санатына ауыстырылсын.
      2. Ақмола облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін бірінші көтерілімдегі су жинайтын сорғы станциясын салуға «Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Энергетика басқармасы) берілуін қамтамасыз етсін.
      3. Энергетика басқармасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып коюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                                К.Мәсімов  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 3 қыркүйектегі  
N 819 қаулысына    
қосымша    

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Жасыл аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орман қоры жерлерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауылшаруашылық мақсаттағы емес жерлерінің санатына ауыстырылатын жерлерінің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы Жалпы алаңы, гектар Оның ішінде:
орман көмкерген алаңқай жерлер жайылым шабындық басқа жерлер

«Жасыл аймақ» РМК

0,14


0,14