Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге сандық шектеулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 ақпандағы N 190
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 10, 106-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 тамыздағы
N 784 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2008 жылғы 26 ақпандағы
N 190 қаулысына
2-қосымша
Ақ қантқа квота бөлу
N |
Заңды тұлғалардың атауы |
Квота көлемі,
|
1. |
"Қарағанды конфеттері" акционерлік қоғамы |
4 211 |
2. |
"Баян Сұлу" акционерлік қоғамы |
12 750 |
3. |
"Ақтөбе кондитер фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
3 000 |
4. |
"РАХАТ" акционерлік қоғамы |
14 250 |
5. |
"Шаныбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
5 000 |
6. |
"Восток-Кондитер" комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
1 200 |
7. |
"Голд Продукт" акционерлік қоғамы |
400 |
8. |
"Астрон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
650 |
|
Жиыны: |
41 461 |