Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 тамыздағы N 763 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 шілдедегі N 633 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 372-1 қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
      5-бағанда реттік нөмірлері 2, 3-жолдардағы "Олар қаржылық қызметтерді ұсынуы кезіндегі қаржы ұйымдарын қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 7, 79-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ережеде:
      1-тармақта ", қаржы ұйымдары көрсететін қаржылық қызметтер нарықтарын қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов