Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Машина жасауды болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 тамыздағы N 735 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Машина жасауды болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) "Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің қарамағындағы кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 1-жол алынып тасталсын;

      3) "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бәсекелі ортаға берілуі тиіс республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 3-жол алынып тасталсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов