Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 163 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 шілдедегі N 723 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007 - 2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 163  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақта "жарты жылда бір рет" деген сөздер "жыл сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта "жарты жылда бір рет" деген сөздер "жыл сайын" деген сөздермен, "жарты жылдықтан" деген сөздер "жылдан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақта "Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге" деген сөздер "Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007 - 2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету" бағдарламасында:
      "Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыты мен тетігі" деген 5-бөлімде:
      "Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту" деген 5.1-кіші бөлімнің жетінші абзацы алынып тасталсын;
      "Орнықты экологиялық-экономикалық қызметті дамыту" деген 5.2-кіші бөлімнің алтыншы абзацы алынып тасталсын;

      "Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007 - 2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету" бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      1-бөлімнің реттік нөмірі 1.1.6-жолы алынып тасталсын;
      2-бөлімнің реттік нөмірі 2.2.1-жолы алынып тасталсын;
      4-бөлімнің реттік нөмірі 4.1.1-жолында:
      3-бағанда "Нормативтік құқықтық актінің" деген сөздер "Келісімнің" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-бағанда "2007 жылғы 4 тоқсан" деген сөздер "2009 жылғы 1-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов