Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 12, 140-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 323-жолда:
2-бағандағы "маусым" деген сөз "желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-бағанда:
"мамыр" деген сөз "қараша" деген сөзбен ауыстырылсын;
"маусым" деген сөз "желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын.
2) "Қазақстан Республикасының 2007 - 2015 жылдарға арналған электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N 147-ө өкімінде :
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 4-жолдың 5-бағанындағы "маусым" деген сөз "желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов