1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 17, 203-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің тізбесінде:
"Зергерлік бұйымдар, шеберлердің алтын мен күмістен жасаған бұйымдары және басқа бұйымдар" деген 20-бөлім алынып тасталсын;
2) "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 208-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі сауда ережесінде:
46 және 173-тармақтардың екінші абзацтарындағы "стандарттау, метрология және сертификаттау" деген сөздер "техникалық реттеу және метрология" деген сөздермен ауыстырылсын;
172-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) оларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сынамалық таңбасы (қазақстандық өндірістің бұйымдары үшін) мен шығарушы бедерлерінің болуын тексеруді;";
мынадай мазмұндағы 184-1-тармақпен толықтырылсын:
"184-1. Аудио-, аудиокөрнекі шығармалардың, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалардың және кез келген материалдық тасығыштардағы дерекқорлардың даналарын
сату тек сауда үйлері мен дүкендерде жүзеге асырылады.".