Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 635 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:

Қосынов                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Алмас Олжабайұлы            және сауда вице-министрі, хатшы

      болып енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Әбілезов Қарыбай Тілеубергенұлы шығарылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:

Күрішбаев                 - Қазақстан Республикасының
Ақылбек Қажығұлұлы          Ауыл шаруашылығы министрі,
                            төрағаның орынбасары

      болып енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Есімов Ахметжан Смағұлұлы шығарылсын.
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Қосынов                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Алмас Олжабайұлы            және сауда вице-министрі, хатшы;

Күрішбаев                 - Қазақстан Республикасының
Ақылбек Қажығұлұлы          Ауыл шаруашылығы министрі;

      көрсетілген құрамнан Әбілезов Қарыбай Тілеубергенұлы, Есімов Ахметжан Смағұлұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов