Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 қыркүйектегі N 833 және 2007 жылғы 2 қазандағы N 874 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 634 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ   ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" және "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдарының директорлар кеңестерінің құрамдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 қыркүйектегі N 833  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      "Долженков Виктор Анатольевич - Алматы облысы әкімінің орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Баталов Амандық Ғаббасұлы - Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары";

      2) "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" және "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдарының директорлар кеңестерінің құрамдары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 874  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      "Әбілезов Қарыбай Тілеубергенұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қосынов Алмас Олжабайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі";
 

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      "Әбілезов Қарыбай Тілеубергенұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қосынов Алмас Олжабайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі";
 

      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
      "Әбілезов Қарыбай Тілеубергенұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қосынов Алмас Олжабайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов