Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 633 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.   "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633  қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 9, 10 және 11-жолдармен толықтырылсын:
      "9. "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ.
      10. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ.
      11. "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов