Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1469 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 619 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1469 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 689-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      осы қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесінде:
      16-тармақта "қолданылатын жылы," және ", біреуі үшін төлем ставкасы" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов