2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 маусымдағы N 604 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан 2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 23 маусымдағы
N 604 қаулысымен  
мақұлданған   

жоба 

2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
арасында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын
әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық
туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама

      2004 жылғы 16 қарашадағы өзгерістер және толықтырулармен бірге 2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім ) Тараптары болып табылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі "Үкімет" деп аталатын) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі экономикалық және секторлық зерттеулерді өткізуде Үкіметтің әлеуетін қалыптастыру мен нығайту мақсатында мына төмендегілер туралы келісті:

      1. Келісімнің 6-бөліміндегі бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Үш жылдық кезең ішінде Үкімет қоса қаржыландырудағы өз үлесін ықтимал ұлғайту құқығымен оның тиісінше 2008 жылғы 1 шілдеден 2009 жылғы 30 маусымға дейінгі, 2009 жылғы 1 шілдеден 2010 жылғы 30 маусымға дейінгі және 2010 жылғы 1 шілдеден 2011 жылғы 30 маусымға дейінгі әр жұмыс кезеңіндегі жалпы құнының алпыс пайызы (60 %) мөлшерінде БЭЗБ-ны қаржыландыруға қатысады.".

      2. Келісімнің 20-бөліміндегі "2008 жылдың 10 шілдесіне" деген сөздер "2011 жылдың 10 шілдесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Осы Хаттама Келісімінің ажырамас бөлігі болып табылады және Келісімнің 20-бөлімінде көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      2008 жылғы "____" маусымда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

      Қазақстан Республикасының    Халықаралық Қайта Құру және
            Үкіметі үшін                  Даму Банкі үшін

      _________________________        ______________________
      Ербол Орынбаев                   Аннет Диксон
      Қазақстан Республикасы Премьер-  Орталық Азия бойынша
      Министрінің орынбасары           өңірлік директор