Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы N 587 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 16 маусымдағы
N 587 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат):
      1-тармақта:
      Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Әбденов                  - Қазақстан Республикасының Еңбек
Серік Сақбалдыұлы          және халықты әлеуметтік қорғау
                           вице-министрі

Дәненов                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Нұрлан Жұмағалиұлы         министрінің орынбасары

Исабаев                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Бейбіт Өксікбайұлы         ақпарат вице-министрі

Ойнаров                  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Азамат Рысқұлұлы           министрінің орынбасары

Ыбырайым                 - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Нұрлан Мұхтарбекұлы        Мәжілісіндегі "Нұр Отан"
                           халықтық-демократиялық партиясы
                           фракциясының аппарат басшысы (келісім
                           бойынша)

Шаймерденова             - Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы
Гүлвира Балташқызы         кеңесі төрағасының құқықтық мәселелер
                           бойынша кеңесшісі (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Құрманов Алмас Мұхаметкәрімұлы, Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы шығарылсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.23 N 632 Қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.