Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 маусымдағы
N 576 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 7, 53-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Самұрық" холдингі" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 5-бөлімде:
бірінші абзац "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздерден кейін "не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 286
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Қазына" АҚ-ның арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 6-бөлімде:
бірінші абзац "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі" деген сөздерден кейін "не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 518-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 5-1-бөлімде:
бірінші абзац "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздерден кейін "не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын.
4. "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы N 192
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Сарыарқа" ӘКК" ҰК" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 6-бөлімде:
бірінші абзац "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздерден кейін "не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын.
5. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 970 қаулысында :
1) көрсетілген қаулымен бекітілген "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 6-бөлімде:
бірінші абзац "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздерден кейін "не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 6-бөлімде:
бірінші абзац "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздерден кейін "не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 6-бөлімде:
бірінші абзац "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздерден кейін "не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 мамырдағы N 392 қаулысында :
1) көрсетілген қаулымен бекітілген "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 6-бөлімде:
бірінші абзац "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздерден кейін "не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 6-бөлімде:
бірінші абзац "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі" деген сөздерден кейін "не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 6-бөлімде:
бірінші абзац "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздерден кейін "не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын.
7. "ҚазАгро" ұлттық холдингі акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Есімов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ахметжан Смағұлұлы министрі, төраға"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Күрішбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ақылбек Қажығұлұлы министрі, төраға".
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысында :
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамында:
мына:
"Есімов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ахметжан Смағұлұлы министрі, төрағаның орынбасары"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Күрішбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ақылбек Қажығұлұлы министрі, төрағаның орынбасары";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамында:
мына:
"Есімов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ахметжан Смағұлұлы министрі"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Күрішбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ақылбек Қажығұлұлы министрі".