Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 569 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 222 Қаулысымен.

Күшін жойған

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 222 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Электр энергетикасы қондырғылары объектілерін қайта жаңарту мен кеңейту үшін қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2004 ж., N 37, 495-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

      "3-2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі тарифтерді өзгертуге арналған өтінімдерді қарау кезінде белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымдардың тарифінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қосылатын қуаттар үшін ақы төлеуден босату кезінде шығындардың орнын толтыруды қамтамасыз ету бойынша инвестициялық құрамдас бөлікті ескерсін.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Электр энергетикасы қондырғылары объектілерін қайта жаңарту мен кеңейту үшін қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесі:

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Қосылатын қуаттар үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерінен ақы алынбайды.
      50 кВт дейінгі мөлшерде қосылатын қуаттар үшін қосылатын әрбір объекті бойынша орта кәсіпкерлік субъектілерінен ақы алынбайды. Осы тармақпен белгіленген қосылатын қуаттың мөлшері артқан жағдайда, қосылатын әрбір объекті бойынша орта кәсіпкерлік субъектісінен арту шамасына қарай ақы алынады.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов