Жекелеген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын берудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы N 543 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетіне "Орталық жүзу бассейні" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 100 пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтарын;

      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне:
      "Медициналық көлік қызметі" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 100 пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтарын;
      "Орталық жол ауруханасы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 100 пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтарын;
      "Университет клиникасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін 100 пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтарын беруді қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.22 N 1642 Қаулысымен

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт, Төтенше жағдайлар министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 6 маусымдағы
N 543 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтыру мен өзгеріс

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-104-жолмен толықтырылсын:
      "21-104   "Орталық жол ауруханасы" АҚ";
      "Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 123-123, 123-124 және 123-125-жолдармен толықтырылсын:
      "123-123   "Орталық жүзу бассейні" АҚ;
      123-124    "Медициналық көлік қызметі";
      123-125    "Оқу-клиникалық орталық" ЖШС".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне" деген бөлімде:
      "226-5 СТЛ-000080 "Медициналық көлік қызметі" АҚ" деген жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне" деген бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне:
      293. "Медициналық көлік қызметі" АҚ;
      294. "Орталық жол ауруханасы" АҚ;
      295. "Оқу-клиникалық орталық" ЖШС";

      "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 299-1-жолмен толықтырылсын:
      "299-1 "Орталық жүзу бассейні" АҚ".

      3. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
      "4. Акционерлік қоғамдар
      17. "Орталық жүзу бассейні" акционерлік қоғамы".

      4. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі:
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 29-1, 29-2 және 29-3-жолдармен толықтырылсын:
      "29-1. "Медициналық көлік қызметі" акционерлік қоғамы 34 %;
      29-2. "Орталық жол ауруханасы" акционерлік қоғамы 100 %;
      29-3. "Оқу-клиникалық орталық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100%".

      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
         "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
                            Спорт комитеті
      "52 "Орталық жүзу бассейні" акционерлік қоғамы 100 %";
      акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 36-жол алынып тасталсын.