Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.01 № 682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 217 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 121-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағына оңайлатылған тәртіппен әкелетін тауарларға жиынтық кедендік төлемде:
бірінші абзацтағы "17" деген сандар "13" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов