Елде және әлемде болып жатқан экономикалық үдерістерге жедел мониторинг жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 мамырдағы N 529 Қаулысы

Қолданыстағы

      Ықтимал келеңсіз үрдістерді анықтау және тәуекелдерді басқару бойынша экономикалық көрсеткіштерге жедел мониторинг жүйесін енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Елде және әлемде болып жатқан экономикалық үдерістерге жедел мониторинг жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                           2008 жылғы 31 мамырдағы
                                                N 529 қаулысымен
                                                   бекітілген

     Елде және әлемде болып жатқан экономикалық үдерістерге
    шұғыл мониторинг жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар
                           жоспары

Р/с
N

Іс-шара

Орындау
мерзімі

Аяқтау
нысаны

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

 

1. Елде және әлемде болып жатқан экономикалық
үдерістердің шұғыл мониторинг жүйесінің техникалық
негізін құру

1.

Жедел мониторингтің
көрсеткіштері бойынша
ақпарат жинау нысан-
дарын әзірлеу және
келісу

2008 жылғы
мамыр

Нысандар
тізбесі

ЭБЖМ, Қаржымині,
ЭМРМ, АШМ, ҚҚА,
СА, ҰБ (келісім
бойынша),»"Қазы-
на" АҚ (келісім
бойынша), "Самұ-
рық" АҚ (келі-
сім бойынша)

2.

Дерекқорды жаңартуды
жүзеге асыру үшін
ЭБЖМ-нің АТЖ-сіне қол
жеткізуді қамтамасыз
ету

2008 жылғы
маусым

ЭБЖМ-нің
бұйрығы

ЭБЖМ, Қаржымині,
ЭМРМ, АШМ, ҚҚА,
СА, ҰБ (келісім
бойынша),»"Қазы-
на" АҚ (келісім
бойынша), "Самұ-
рық" АҚ (келі-
сім бойынша)

3.

Нысандар тізбесін және
ЭБЖМ-нің АТЖ-сіндегі
ақпаратты жаңарту
кестесін бекіту

2008 жылғы
шілде

Бірлескен
бұйрық

ЭБЖМ, Қаржымині,
ЭМРМ, АШМ, ҚҚА,
СА, ҰБ (келісім
бойынша), "Қазы-
на" АҚ (келісім
бойынша), "Самұ-
рық" АҚ (келі-
сім бойынша)

  

2. Экономиканың осалдығы мен қауіп-қатерлерінің
индикаторлары мониторингі мен оларды модельдеудің
ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу

4.

Қысқа мерзімді кезеңде
экономиканың осалдығы
мен ықтимал қауіп-
қатерлердің шешуші
индикаторларын бағалау
және болжамдау
әдістемесін әзірлеу

2008 жылғы
қыркүйек

Әдістеме-
лік
ұсынымдар

ЭБЖМ, "ЭЗИ" АҚ
(келісім
бойынша)

5.

Экономиканың осалдығы
мен қауіп-қатерлерінің
индикаторлары монито-
рингі мен оларды
модельдеу жүйесін
бағдарламалық қамта-
масыз етуді әзірлеу.
Экономиканың осалдығы
мен қауіп-қатерлерінің
индикаторларын көзбен
шолуды бағдарламалық
қамтамасыз етуді
әзірлеу

2008 жылғы
қазан

Бағдарла-
малық
өнім

"ЭЗИ" АҚ
(келісім
бойынша), ЭБЖМ

6.

Шұғыл мониторингтің
ақпараттық жүйесін
тестілеу және енгізу

2008 жылғы
қараша

Ақпарат-
тық
жүйені
тестілеу
және
енгізу
актілері

"ЭЗИ" АҚ
(келісім
бойынша), ЭБЖМ

  

3. Ағымдағы іс-шаралар

7.

Шұғыл мониторинг
жүйесін енгізудің
барысы туралы есепті
Үкіметке ұсыну

Тоқсан
сайын, 28
маусым, 28
қыркүйек,
28
желтоқсан

Үкіметке
есеп

ЭБЖМ, "ЭЗИ" АҚ
(келісім
бойынша)

8.

Ағымдағы экономикалық
жағдайға сәйкес ЭБЖМ
АТЖ нысандары мен
көрсеткіштерін қайта
қарау

Жарты
жылдықтың
қорытынды-
лары
бойынша
жылына 2
рет

Нысандар
мен
көрсет-
кіштердің
тізбесі

ЭБЖМ, Қаржымині,
ЭМРМ, АШМ, ИСМ,
ККМ, ҚРА, СА,
АҚОҚРА, ҰБ
(келісім
бойынша), "ҰТО"
АҚ (келісім
бойынша), "Қазы-
на" АҚ (келісім
бойынша), "Самұ-
рық" АҚ (келісім
бойынша), "ЭЗИ"
АҚ (келісім
бойынша)

9.

Қазақстан экономикасы
үшін туындаған
(ағымдағы сәтте) ық-
тимал қауіп-қатерлерді
азайту жөніндегі нақты
шараларды көрсете
отырып, түсініктерді,
тұжырымдар мен ұсыныс-
тарды қалыптастыру

Ақпараттың
жаңаруына
қарай

ЭБЖМ АТЖ
жүйесін-
дегі
ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині,
ЭМРМ, АШМ, ИСМ,
ККМ, ҚРА, АҚОҚРА, ҰБ
(келісім
бойынша), "ҰТО"
АҚ (келісім
бойынша), "Қазы-
на" АҚ (келісім
бойынша), "Самұ-
рық" АҚ (келісім
бойынша), "ЭЗИ"
АҚ (келісім
бойынша)

10.

Негізгі көрсеткіштер-
дің мониторингі
бойынша акпаратты
түсініктемелермен
бірге ұсыну

Ай сайын,
есепті
айдан
кейінгі
айдың
20-күніне

"ҰТО"
АҚ-ға
ақпарат

ЭБЖМ, "ЭЗИ" АҚ
(келісім
бойынша)

11.

Негізгі көрсеткіштер
мониторингінің қоры-
тындылары туралы
талдамалық баяндаманы
ұсыну

Ай сайын,
есепті
айдан
кейінгі
айдың
25-күніне

Үкіметке
баяндама

"ҰТО" АҚ
(келісім
бойынша)

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ          - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                жоспарлау министрлігі
ҰБ            - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ИСМ           - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                министрлігі
АШМ           - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қаржымині     - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭМРМ          - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
                ресурстар министрлігі
ККМ           - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                министрлігі
СА            - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ҚҚА           - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы
                ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
АҚОҚРА        - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік
                қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
АБА           - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс
                агенттігі
"ЭЗИ" АҚ      - "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік
                қоғамы
"ҰТО" АҚ      - "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі
                жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" акционерлік
                қоғамы
"Қазына" АҚ   - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы
"Самұрық" АҚ  - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі
                қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы
АТЖ           - ақпараттық-талдамалық жүйе