Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N 519 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан "Инженер-техникалық орталығы" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - қоғам) бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:

      1) компьютерлік және перифериялық техникаға, теледидар жүйелеріне, байланыс жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      2) тиімділігі жоғары ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу;

      3) баспа-полиграфиялық қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) қоғамның жарғысын бекітуді;

      2) қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 қарашадағы N 1455 қаулысында :
      Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына акцияларының мемлекеттік пакеті иелену, пайдалану және басқару құқығына берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Инженер-техникалық орталығы" АҚ";

      2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесіндегі:
      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-102-жолмен толықтырылсын:
      "21-102. "Инженер-техникалық орталығы" АҚ";

      3) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
      Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 238-11-жолмен толықтырылсын:
      "238-11 "Инженер-техникалық орталығы" АҚ";

      4) "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесіндегі:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 35-1-жолмен толықтырылсын:
      "35-1. "Инженер-техникалық орталығы" акционерлік қоғамы 100%".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов