Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының және Қарағанды облысы әкімдігінің Шахтинск қаласының әкімшілік шекарасына Абай ауданының жалпы алаңы 220 гектар, Бұхар Жырау ауданының жалпы алаңы 4564 гектар жер бөліктерін қоса отырып және Абай ауданының әкімшілік шекарасына Шахтинск қаласының жалпы алаңы 122 гектар жер бөлігін қоса отырып, Қарағанды облысы Шахтинск қаласының, Абай және Бұхар Жырау аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов