Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 890 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N 512 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 890 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 36, 360-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      "Астана қаласы" деген жолдағы "1180" деген сандар "3400" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қызылорда қаласы" деген жолдағы "129" деген сандар "1230" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Петропавл қаласы" деген жолдағы "114" деген сандар "1270" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Орал қаласы" деген жолдағы "114" деген сандар "1140" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов