Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы "
Астық туралы
" Заңына, "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394
қаулысына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты реттеу мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан 2008 жылғы 1 қыркүйекке дейін 195000 (бір жүз тоқсан бес мың) тонна азық-түліктік астықты сатуды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов